Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет374/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

330
11-ТАРАУ
al., 2007). Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, 25-34 жас аралығын- 
дағы тұрмысқа ш ыққан әйелдердің 69 пайызы жұмысбасты (АҚШ 
Халық санағы бюросы, 2011). Екіншіден, орта тапқа жататын аме- 
рикалықтар үшін жүмыс уақыты ұлғайып келеді (Jacobs & Gerson,
2004). Жақсы қызметкер екенін дәлелдеу үшін, адамдар таңнан 
кешке дейін және демалыс күндері үйде жұмыс істеуге мәжбүр. 
Толық жұмыс күнімен қамтылмаған қарапайым америкалықтар 
қосымша табыс көзін іздейді. Сөйгіп, екі немесе одан да көп жер- 
де еңбек етеді. Ал толық жүмыс күнімен қамтылғандар мардымды 
жалақы алуы үшін артығымен жұмыс істеуі керек, өйткені табысы 
аздық етеді. Енді бірі жүмыс орнын сақтап қалу үшін ғана артық 
еңбектенуге даяр (Еһгепгеісһ, 2001). Осылайша, жүмысшы және 
орта тапқа жататын ата-аналардың бос уақыты аз. Отбасымен бір 
дастарқан басында жиналу сирек жагдайға айналды және үйдегі 
уақыт та тығыз жоспарланады. Өйткені бұл кезде кір жуып, үй жи- 
нау керек, оған қоса балаларды уақытымен мектепке апарып, олар- 
дың іс-шараларына атсалысу қажет.
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, жүмыс уақытының ұзақтығы- 
на қарамастан, ата-аналар балаларына көңіл бөлуге уақыт тауып 
жатады (Bianchi, Robinson, & Milkie, 2006). Шын мәнінде, осыдан 40 
жыл бұрын аналар балаларына қанша уақыт бөлсе, бүгінгі аналар 
да дәл солай, ал әкелер бұрынғы кезбен салыстырғанда, көбірек уа- 
қыт бөле бастады. Айырмашылық мынада: әйелдер үй шаруасында- 
ғы жұмысын қысқартты, ал әкелер үй шаруасына белсене араласа 
бастады. Сонымен қатар ата-аналар шамалары келгенінше сырттан 
адам жалдай отырып, балаларымен бірге өткізу үшін уақыттарын 
үнемдеуге тырысады.
Алайда бұл - тек көбірек жұмыс жасау үшін ғана жасалған 
амал. Шын мәнінде, балаларының жанында көбірек болғысы кел- 
се, үстеме жүмыстан бас тартып, өмір сүру талаптарын азайтуы 
тиіс және мансапты қалай бағаласа, бала тәрбиесін де солай баға- 
лайты н мәдени орта қалыптастыру керек. Америкалықтар жұмыс 
пен отбасын қатар алып жүруді бұдан әрі де жалғастыра беретін 
сияқты.
А ж ы расу
Бұрынғы ғасырларда бала тәрбиесінде келіспей қалган, қаржы 
тапшылығына ұшыраған немесе бір-бірін үнатпай қалған жұбай- 
ларда некені сақгап қалудан басқа таңдау болмайтын. Қазіргі кезде 
ажырасу - ең оңай және ыңғайлы (және қаржылай атқарылатын) 
шешім. Ажырасу деңгейі 1860 жылдан бастап 1980 жылға дей- 
ін тұрақты түрде өсіп келді, бірақ мұнан кейінгі уақытта төмен- 
дей бастаған болатын (Pew Social Trends Staff, 2010). Бүгінгі таңда 
бірінші некенің 40-тан 50 пайызға дейіні ажырасумен аяқталады 
(Kreider, 2005).
Отбасының құлдырауына қандай факторлар эсер етеді? 11.2-кес- 
теде отбасы өмірінің алғашқы онжылдығында ажырасу себептері 
көрсетілген, бүл мәліметтер 2012 жылғы қалыптасқан жағдайды 
зерттеу нәтижесінде алынған (Бұл себептер жыл өткен сайын өзгеріп 
жатыр). Зерттеу нәтижесінде, бес негізгі фактор анықталды (Bramlett 
8с Mosher, 2002; Teachman, 2002; Amato және т.б., 2007):
• 
Некеге тұру жасы. Ажырасу себебінің бірі - некеге тұрған кезде- 
гі жас мөлшері, яғни жасөспірім кезінде және 20-ға енді толғап 
шағында үйленгендердің көбі ажырасып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет