Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет382/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

340
12-ТАРАУ
ә л е у м е тта н у ж ә н е с із
Колледжге келгеніңізде, 
әлеуметтік табыңызға байланысты 
қандай артықшылықтарыңыз 
немесе кемшіліктеріңіз болды? 
Ата-анаңыз «New York Times» 
газетін оқи ма, оқымай ма, 
әлде мүлдем ағылшынша оқи 
алмай ма? Ата-анаңыз театрға 
билет, дербес компьютер әперіп, 
қосымша сабаққа, музыкалық 
уйірмеге қатысуыңыз, бала 
күніңізде шетелге шығуыңыз 
үшін қаражат бөлді ме? Әлде 
үйдің төлемақыларын өтеу 
үшін ата-анаңызға жүмыс 
істеп көмектесуіңіз қажет 
болды ма? Мектебіңіз жаңа 
құралдармен жабдықталған ба 
еді, әлде төбесінен су ағатын, 
ескі кітаптар беретін мектеп пе 
еді? Осы артықшылықтар мен 
кемшіліктердің колледжде оқыған 
кезіңізде де әсері болады.
ция бағдарламасын қолдау азайды. Соның салдарынан латынаме- 
рикалық, афроамерикалық оқушыларға қатысты мектеп ішіндегі 
сегрегация күшейді (Frankenberg & Lee, 2002). Бостоннан Бирмингем- 
ге дейінгі аралықта мемлекеттік мектептерде ақ нәсілді студенттер 
15 пайызға жуықтайды. Мектепте аз үлт өкілдері көп болған сайын 
оқушыларға кейін жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік бере- 
тін жағдайлар төмендейді. Мүндай мектептерде аз ұлт өкілдерінің 
«ақ» оқушыларға қарағанда мүмкіндіктері шектеулі (Bettie, 2003).
Символдық интеракционизм:
элиталық сабақтастық
Қазіргі заманда элита өкілдері балаларының да жоғары деңгейде 
қалуын тікелей қамтамасыз ете алмайды. Мәртебелері балаларына 
өтуі үшін, оларға сол деңгейге лайықты білімін растайтын диплом 
алып беру қажет. Көп жағдайда ата-аналар мұны орындайды. Өйт- 
кені балалардың білімдегі жетістіктері, ата-аналарының әлеуметтік 
мәртебесіне тығыз байланысты.
Бұл қалай болады? Конфликтология теорияшылары мектеп қү- 
рылымы ңалай теңсіздікке алып келетіндігіне мән берсе, символдық 
интеракционистер осындай нәтиже беретін процестерді зерттейді. 
Сондай процестердің бірі - элиталық сабақтастық.
Э л и т а л ы қ с а б а қ т а с т ы қ
Мектептің мақсаты - оқушыларға білім беру. Мектепті аяқтаған кезде 
оқушылардың көбі компьютерде басуды, үш бөлікті тезистен тұратын 
эссе жазуды және есеп шыгаруды біледі. Оған қоса, ақыл-ес қабілетін 
арттыратын және кеңейтетін танымдық даму процестерінен өтеді. 
Оқу процестерінен мінсіз өткен жағдайда оқушылар сыни ойлау, дә- 
лелдерді салыстыру және дербес ойлау қабілетін дамытуды үйренеді.
Көптеген зерттеу жүмыстарының нәтижесі бойынша, егер мұ- 
ғалімдер оқушыларына зор үміт артып, оларға қиын әрі талапты тап- 
сырмалар беріп отырса, мектеп жасындағы балалардың танымы кең 
болады. Мұғалімдер мұндайды оқушылары «ақылды» болып көрінсе 
және өздерін лайықты етіп ұстаған жағдайда істейді. Ал ондай оқушы- 
лар әдетте ақ нәсілді және бақуатты тап өкілдерінен болады.
Бұл жағдай АҚШ қоғамында мұғалімдердің бір бөлігі нәсілшіл- 
дік пен дәстүрлі стереотиптерді қолдайтындықтан болып отыр деп 
түсіндіріледі. Енді бірі бақуатты ақ нәсілді оқушылардың элиталық 
мәдениетке тән білімі мен түсінігі болғандықтан деп пайымдайды 
(Bourdieu, 1984; Bettie, 2003). Мұндай оқушылардың үйінде әдетте орта 
тап мұғалімдері бағалайтын музыка, өнер және классикалық кітап- 
тар болады. Сонымен қатар олар мұғалімдерге ұнайтындай үлгіде өз- 
дерін ұстай алады және жақсы киінеді. Осындай мәдени капиталдың 
арқасында оқушылар мұғалімдермен қарым-қатынас жасай отырып, 
өздерінің уақыт бөлуге тұрарлық екендіктерін дәлелдейді (Farkas et 
al., 1990; Kalmijn & Kraaykamp 1996, Bettie, 2003).
Керісінше, мұғалімдер (көпшілігі «ақ») афроамерикалықтар мен 
мексикалық нәсілді америкалықтарды ақылсыз әрі жаманшылық 
жасауға үйір деп санайды (Ferguson, 2000; Bettie, 2003). Нәтижесінде, 
мұғалімдер аз ұлт өкілдеріне білім беруге емес, тәрбиелеу мен қа- 
дағалауға көп уақыт жұмсайды.
Бұл процесс элиталық сабақтастықтың айқын мысалы бола ала­
ды. Қазір үстаздық етіп жүргендер - нәсілшіл, әйелдерді кем санайтын 
және классикалық теріс түсініктегі қоғамда өсіп, тәрбиеленгендер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет