Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет470/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

14.4-СЫЗБА. Урбанизацияның
дүниежүзілік тенденциялары
Урбанизация дүниежүзінде көбейіп 
келеді. Ол, негізінен, дамыған елдерге 
тән, бірақ дамушы елдерде кең етек 
жайып отыр.
ДЕРЕККӨЗ: United Nations, 2010


420
14-ТА РАУ
Англия, Йоркшир. 1950 
жылдар. Сурет индустриалдық 
қалалардың қоршаған ортаны жиі 
ластайтын өнеркәсіп орындары 
айналасындә жұмысшы таптың 
жұтаң үйлері тығыз шоғырлануымен 
сипатталатынын аңғартады.
қан нақты бір үлгісі әлі де болмай отыр. Сондықтан олар қаланың 
өсуі мен құлдырауында қалыпты деп сипатталатын ештеңе жоқ де­
ген тұжырымға келді. Сондықтан бұлардың пікірінше, әрбір қала 
бәсекелес экономикалық және саяси күштердің салыстырмалы би- 
лігіне қарай өзіндік бірегей тәсілмен ұлғаяды немесе кішірейеді 
(Feagin & Parker, 1990) деген көзқарастарын алға тартады.
Осы бәсекелес күштер ғасырдың соңғы жартысында орта тап- 
қа жататын америкалықтарды қаладан шығаруда маңызды рөл 
атқарды. Батыс мәдениеті ұзақ уақыт бойы қалаға қарсы бағытты 
үстанып келді. Себебі қаладағы өмірге қарағанда, ауылдағы өмір 
«неғұрлым таза» деп саналды. Бүл түсінік XX ғасырдың алғашқы 
онжылдықтарында күшейе түсті. Сол кезде алғашқы шетелдік им- 
мигранттар мен кейінгі афроамерикалықтар Оңтүстіктен Солтүс- 
тік Шығысқа және Орталық Батысқа қарай көптеп көше бастады. 
Бұл өзгерістер «ақ» америкалықтарды қала қауіпсіз емес деген ойға 
әкеліп, орта және жоғары тапты қаладан қашуға ынталандырды. 
Бұл тенденция «ақтардың қашуы» деп танылды.
Америкалықтардың қаладан бас тартуына мемлекеттің қала 
маңы аймақтарында субурбанизацияны дамыту үшін субсидиялар 
бөлуі ықпал етті (Goddard, 1994; Мое & Wilkie, 1997). 30-жылдардан 
бастап Федералдық үкімет және жергілікті билік органдары қо- 
ғамдық көлікке қаржылай қолдауды ұдайы азайтып, автомобиль 
өнеркәсібін, автокөлік жолдары мен оларды жөндеу жұмыстарын 
субсидиялауды барынша арттыру арқылы автокөлік шығарушы- 
лар мен қала маңын жасақтаушылар қысымына жауап қайтарды. 
Осының салдарынан адамдар көлік қоятын орындары шектеулі, 
транзиттік жүйелері тар ірі қалаларда түру, жұмыс істеу, сауда 
жасау немесе саяхаттау қиындағанын сезінді. Сонымен қатар 1950 
жылдардан бастап үкімет қала маңындағы аймақтарға жеңілде- 
тілген ипотекалық несие берілуін қамтамасыз етті. 1960-1970 жыл- 
дары үкімет қирап-бұзылған «қалаларды жаңарту» бағдарламасын 
жүзеге асыра бастады. Бағдарлама бойынша қаланың түрақты ау- 
дандарының (көбіне аз ұлт өкілдері мен кедей немесе жұмысшы 
тап өмір сүретін) ортасынан автожолдар салынып, баспаналары бұ- 
зылған тұрғындар сапасыз салынған көп қабатты қоғамдық үйлер- 
ге көшірілді. Сонымен қатар соңғы жиырма жылда қала маңының 
жергілікті билік органдары корпорацияларды тарту мақсатында 
салықтық жеңілдіктер жасады.
Осы өзгерістердің барлығы қалалардың ыдырауына ықпал ету 
мақсатында америкалықтардың орта табын қала маңына көшуге 
итермеледі (Мое & Wilkie, 1997). Эрине, көптеген адамдар қаладағы 
үйлерінен қуана көшіп, қала маңындағы еркіндіктің рақатын көр- 
ді. Ал енді біразы қаладағы үйреншікті қонысын амалсыз тастап 
кетті. Олар дамып келе жатқан қала маңына жүмысқа бара жатқан 
жолда автобуста газет оқи алатын, ал жұмысқа қатынайтын үзақ 
жолдың жүйкені тоздыратындығы, көршілердің арасын биік қор- 
шаудың бөліп тұратындығы қалыпты болып саналатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет