Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет472/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   482
шеттегі қалалар 
алмастырды. Атлан­
та, Лас-Вегас және Майами сияқты постиндустриалдық қалалар 
географиялық тұрғыдан индустриалдық қалалардан үлкен. 1940 
жылы орташа қаланың ұзындығы 15 мильден кем болатын; қазіргі 
мегаполистердің ұзындығы 50-75 миль. Сауда жасау үшін автобусқа 
немесе метроға мініп, қала орталығына барудың орнына қазір көбі 
автокөліктерімен қала маңындағы ірі сауда орталықтарына ке- 
теді. Онда көптеген тауар бөлшектеп сатылады және қызмет көр- 
сетушілер де осы орталықтарға ауысқан. Сондықтан қала маңында 
үлкен қалалардан бөлек, өзіндік өмір салты бар. Мүндай аймақтар 
шеткері қалалар деп аталады (Garreau 1991).
Шеткері қалалар - әуелгі баста 
пайда болуына түрткі болған 
қалалардан бөлек өмір сүретін 
қала маңы аудандары.


422
14-ТА РА У
Астаналық статистикалық аудан 
дегеніміз - 50 мыңнан астам 
халқы бар және айналасындағы 
аймақтармен экономикалық 
әрі әлеуметтік қарым-қатынас 
орнатқан аудан.
Астаналық емес статистикалық 
аудан дегеніміз - үлкен қаласы да, 
ондай қаламен тығыз байланысы 
да жоқ аудан.
І
АҚШ-та қала маңы аймақтары 
қалалық және ауылдық аймақтардан, 
ал шеткері қалалар басқа қалалардан 
жедел дамып жатыр.
АҚШ-тағы урбанизация
Бір ғасырда қалалық деп саналған адамдар келесі ғасырда ауылдық 
деп саналатын болды. Екі түсінікті анықтауда шатаспау үшін АҚШ 
санақ бюросы қалалық және ауылдық деген жалпылама сөздерді екі 
терминмен ауыстырды: астаналық және астаналық емес.
Астаналық статистикалық аудан - 50 мыңнан астам халқы бар 
және айналасындағы аймақтармен экономикалық әрі әлеуметтік қа- 
рым-қатынас орнатқан округты анықтау үшін зерттеушілердің қол- 
данатын термині. Кейбір астаналық аудандарда бір округ болады. Ал 
Нью-Йорк, Сан-Франциско немесе Детройт сияқты қалалар 6 көршілес 
аймақты қамтиды. Астаналық ауданның аясы қала шеңберінен асады 
және мысалға Нью-Йорктің үлкен ауданы сияқты аймақты қамтиды. 
Астаналық емес статистикалық аудан дегеніміз - үлкен қаласы да, он­
дай қаламен тығыз байланысы да жоқ аудан.
Астаналық аудан халқы орталықта (қала аумағында) және қала 
маңында тұратындарға бөлінген. Тұрғындардың 60 пайызы орта- 
лықта емес, қала маңында өмір суреді. Ол адамдар астаналық өмір 
салтын сақтағанымен қала орталығынан 50 миль қашықта тұрады.
АҚШ-та астаналық емес халық 16 пайызға дейін қысқарып кетті. 
Мұндай аудандар Нью-Джерсиден басқа барлық штатта болғанымен 
олардың көпшілігі Оргалық Батыста немесе Оңтүстікте өмір сүреді. 
5 пайызға жуығы - фермерлер. Ал қалғандары - ауылдықжерлер емес, 
шағын қалалардың тұрғындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет