Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет480/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   482
ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
429
Қалада «Cheers» сияқты бір барда ғана сізді барлығы танитын шыгар, 
ал ауылда қайда барсаңыз да сізді бәрі танып тұрады.
Ауыл тұрғындары үшін ең өзекті мәселе - жұмыс орнын табу. Әсіресе 
табысы мол жұмыс орындары жетіспейді. Отбасылық фермалар жойыл- 
ды деуге болады. Олар жаьандық бәсекеге төтеп бере алмады немесе олар- 
ды жаьандық нарықта бәсекеге түсуге қажетгі ақшасы мен билігі бар 
үлкен агрохолдингтер сатып алды. Америкалықтардың 5 пайызға же- 
тер-жетпесі әлі де ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Ауыл­
да өмір сүретіндердің көпшілігі төмен жалақылы түрме, казино, жедел 
тамақтану орындарында және т.б. жерлерде қызмет көрсетеді (Lichter and 
Brown, 2011). Сол себепті де ауыл жастары, білімді азаматтар табысты жү- 
мыс іздеп қалаға кетеді. Ал ауылда қалатындары жалақысы да, дәрежесі 
де томен жүмысты қанағат етеді немесе қаладан қашық аймақта қызмет 
етуге мәжбүр болады. Осының салдарынан ауылда тұрмысы төмендер 
көбейіп барады, әсіресе балалық шағын кедейлікте өткізетіндердің үлесі 
басым (Mattingly, Johnson, and Schaefer, 2011). Кедейлік, мардымсыз жа- 
лақы мен жұмыссыздық, қолжетімді жұмыстың жүйкеге кері әсері, әлеу- 
меттік ресурстардың тапшылығы, медициналық қызметке қолжеткізу 
қиындығы - бәрін қоса алғанда ауылдықтардың денсаулыгы қала және 
қала маңы тұрғындарымен салыстырғанда, физикалық және психика- 
льщ тұрғыдан нашар болуына әкеледі ( Morton, 2003).
Сонымен қатар лек-легімен ағылатын «қалалық тұрғындар» да 
жаңа қиындықтар туындатады, мәселен, тұрғындардың жоғарғы 
және төменгі бөлігі арасындағы экономикалық әрі мәдени айырма- 
шылық бұрынғыға қарағанда басым (Brown & Swanson, 2003). Қырық 
жыл бүрын тау-шаңғы курортының иелері де, қызметкерлері де Тел- 
луридте тұратын еді. Қазір курорт иелері мен олардың тұтынушыла- 
ры жайлы үйлерде, қаланың орталығына жақын тұрса, қызметкерлер 
тек қаладан қашық орналасқан «ауылдық геттолардағы» жылжыма- 
лы үйлерді паналап, кедейлік шоғырланған аймақта өмір сүре алады. 
Қаладан көшіп келушілер шағын елді мекендердің қауымдастықта- 
ры мен азаматтық мәдениетін байытатын қабілетін және тәжіри- 
бесін ала келгенімен, өздерінің уақытша өмір сүрген уақытында ғана 
сұранысқа ие болатын қызметтердің көрсетілуін талап етеді. Ягни

Жақсы деген ауылдық жерлерде 
I көбінесе жалақысы жоғары жүмыс 
орындары аз, ал тұрғын үй қымбат. Сол 
үшін көптеген отбасы арзан бағалы 
құрастырылған үйлерде өмір сүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет