Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет474/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   482
424
14-ТА РАУ
ауыз суға, электр желісіне, білім алуға және санитарлық ережелерді 
сақтауға жарымайтын шағын қалаларда халық өсімі басым болады 
деген болжам бар (Cohen, 2006).
Артта қалған елдердегі -урбанизацияның бірнеше салдары бо­
лады. Біріншіден, әлемнің ең ірі қалалары мегааудандарға бірігіп
АҚШ-тағы урбанизация іспетті көптеген мәселелер туындатады. Бұл 
мәселелер көліктің тым көптігі, энергетикалық шығындар, қоршаған 
ортаның ластануы және ауыл шаруашылығы жерлерінен айырылу 
сияқты жайттармен байланысты. Екіншіден, бұл қалаларда кәсіби бі- 
лім алмаған адамдарды жумыспен қамтитын өндірістік орталықтар 
жоқ. Соның салдарынан көпшілігі қарқынды көбейіп жатқан заңсыз 
лагерьлер мен жасырын жерлерде өмір сүріп, астыртын экономикада 
қолөнерші, саудагер, велосипедті жалға беруші, кір жуу орталығының 
қызметшісі болып жұмыс істейді және қайыршылықпен күнелте- 
ді. Осындай қалаларда табыс теңсіздігі өскен сайын саяси шиеленіс 
пен қалаларда наразылық күшейеді. Ұзақ мерзімді қиын мәселелер- 
ге қарамастан, 2000-2010 жылдар аралығында дүниежүзі бойынша 
227 миллион адам жасырын жатақ орындардан шықты.
Үлкен қалаларда техникалық және ғылыми инновациялар жинақ- 
талған, олар мемлекеттіц экономикасын дамытуда маңызды рөл ойнай- 
ды. Қалада жұмыс істейтіндердің үйіне жіберген ақшалары - Африка, 
Азия және Латын Америкасы елдерінің ауылдық аймағында өмір сүретін 
тұрғындардың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді (UN-Habitat, 2010).
Тұрғылықты жер және
әлеуметтік байланыстар
Әр жыл сайын фильмдер мен теледидарлық шоулар қалалық өмірдің 
нашарлығын, қала сыртындағы өмірдің жалықтыратындығын және 
шағын қалалардағы түсінбеушілікгерді көрсетіп жатады. Бұл көрініс- 
тер қаншалықты шындыққа жанасады? Бұл тарауда заманауи қала
қала маңы және шағын қала өмірлерінің жағымды және қауіпті түста- 
рын қарастырамыз.
Қаладағы өмір
Қалаларды зерттейтін әлеуметтанушылар көтерген ең маңызды мәсе- 
ле - қалалық және ау ылдық жерлерге байланысты оларды басқаратын 
әлеуметтік қатынастар мен нормалар деңгейінің айырмашылығы. 
Осы ретте қалалық өмірдің әлеуметтік теорияларын және қаладағы 
күнделікті өмірді зерттейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет