СТРАТИФИКАЦИЯ
195
туға және технологияларды жақсартуға септігін тигізетін көп артық-
шылық береді. Ал индустрияландырудың өрістеуінің бастапқы кезе-
ңі өмір сүру стандарты мен өнімділіктің өсуіне алып келеді.
Алайда даму белгілі бір шек қойылған процесс емес. Жоғарыда
айтылғандай, біраз елдер заманауилану арқылы қарқынды дамыса,
басқалары замандану процесінде қиындықтарға тап болады. Кейбір
мемлекеттердің басқа елдермен салыстырғанда әлі күнге дейін даму
деңгейі төмен болуының негізгі себептері - олардың ауыр, тоқырау
кезеңдерден өтуі, дамыған державалардың қанауында болып, зардап
шегуі және әлемдік нарыққа кеш кіруі. Осындай күрделі кедергілер
элемнің жаңғыруы жөніндегі баламалы көзқарастар қалыптасуына
себеп болған.
Достарыңызбен бөлісу: