304
10-ТАРАУ
ә л е у м е тт а н у ж ә н е с із
Сізде де басқа жасөспірімдер
секілді медициналық сақтандыру
болмауы мүмкін немесе болған
күнде де оқуды бітірген соң
қандай да бір жағдайларға
байланысты сақтандыруыңыздан
айырылып қалуыңыз мүмкін.
Қазіргі уақытта денсаулығыңыз
жақсы болғанмен, оқыс жағдайға
ұшырасаңыз сақтандыру қажет
болады. Мысалы, жол-көлік
апатына ұшырап, өлім аузында
жатсаңыз, заңды түрде емханаға
қабылданасыз. Алайда әрі қарай
денсаулығыңызды жақсарту үшін
емделу кезінде сізге мүгедектер
арбасы берілмейді, физиотерапия
немесе ота жасалмайды.
Осылайша, жол апатынан кейін сіз
медициналық сақтандыруыңыз
болса, толықтай жазылып,
денсаулығыңызды жақсартып
шыға аласыз, сақтандыру
жасалмаса мүгедек болып
қалуыңыз мүмкін.
Сонымен қатар шағын бизнесте жұмыс істесе немесе денсаулығы
нашар болса да (медициналық сақтандырушылар оларға көп қара-
жат қажет болады деп қауіптенгендіктен) сақтандыру ала алмайды.
10.1-кестеде бұл нақты сипатталған.
Сақтандырылмаған адамдар мемлекеттік емханаларда жедел
жағдайда ем қабылдай алады. Басқа жағдайда дәрігерге көрініп, ке-
ңес алу үшін ұзақ кезек күтуі қажет, кезегі жеткен күннің өзінде
сапасыз қызмет көрсетіледі. Нәтижесінде сақтандырылмаған аме-
рикалықгардың басқа ем алып жатқан азаматтар сияқты дәрігер-
ге жиі баруға мүмкіндігі болмайды; емханада емделуді талап ете
алмайды, емханада ем алғанына қарамастан, қайтыс болу қаупі
жоғары (Medicaid және сақтандырылмағандар бойынша: Kaiser ко
миссия, 2011).
Достарыңызбен бөлісу: