Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет343/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

АҚШ-тағы денсаулық сақтау құны
Медициналық көмек - өмір сүрудің ең жылдам дамып келе жатқан 
сегменті. 1970 жылы медициналық қызмет үшін америкалықтар орта 
есеппен әр адам басына 372 $ (2006 жылғы доллар) жұмсаған. 2006 
жылы олар орташа 6 561 $ ақша жүмсады, ал 2013 жылға қарай шама- 
мен екі есе көп ақша шығындады (АҚШ санақ бюросы, 2009).
АҚШ-та денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш түрі


ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
303
бар: жеке төлем, жеке сақтандыру компаниясы және мемлекет- 
тік бағдарлама. Медициналық қызметтің бағасы қымбат болған- 
дықтан, өте бай адамдар ғана ақысын төлеп емделеді, ал қарапа- 
йым халық тек болмашы мәселемен ғана дәрігерге көріне алады. 
Сондықтан америкалықтардың көпшілігі жекеменшік емес, мем- 
лекеттік сақтандыру бағдарламаларына сенеді. Халықтың қалған 
бөлігі сақтандырылмаіан. Яғни денсаулық сақтау үшін қажетті 
қаражаты жоқ. Ал сақтандыру қорлары емделушілердің шығынын 
толықтай өтей алмайды.
Ж е ке с а қ т а н д ы р у қ о р л а р ы
Америкалықтардың көбінде жұмыс берушілерден, ата-аналары- 
ның жұмыс берушілері немесе жубайының жұмыс берушілері арқы- 
лы алынған жеке сақтандыру бар (Kaiser Commission on Medicaid & 
Uninsured, 2011). Мұндай сақтандыруды корпорацияда немесе мемле- 
кеттік мекемеде жұмыс істесе ғана береді. Ал шағын бизнесте немесе 
ең төмен еңбекақыга жұмыс істесе сақтандыру алу мүмкіндігі аз бо- 
лады. Бұрындары Blue Cross және Blue Shield секілдіжеке сақтандыру- 
шылар коммерциялық ұйым болған, сол себепті олар компанияның 
үстеме ақшасын азайтуға тырысқан. Алайда қазір жеке сақтандыру 
компанияларының көбі коммерциялық корпорацияларға айналған. 
Денсаулық сақтау саласындағы жеке шығындардың көбеюінің бір се- 
бебі осында.
М е м л е ке т т ік б ағдар лам ала р
Үкімет ұсынған бірнеше медициналық сақтандыру бағдарламасы 
бар. Medicaid және Medicare - ец ірі екі бағдарлама. Сонымен қатар 
жергілікті билік өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау мекемелері 
мен емханалар арқылы медициналық көмек көрсетеді.
Medicare - мемлекет тарапынан қаржыландырылатын, 65 жас- 
тан асқан азаматтарға арналған медициналық сақтандыру бағдар- 
ламасы. Medicare-діңарқасында барлық қартам ерикалы қ-м едици- 
налық сақтандыруға ие болды. Алайда бүл бағдарлама мемлекетке 
өте қымбатқа түсіп отыр. 2006 жылы үкімет Medicare бағдарлама- 
сына 401 млрд доллар қаражат бөлді (АҚШ санақ бюросы, 2009). Шы- 
ғындарды өтеу үшін салықты арттыру немесе шығындарды азайту 
қажет, олай болмаған жағдайда бағдарлама 2017 жылға қарай құл- 
дырауға ұшырайды.
Medicare 65 жастан асқан барлық азаматтарға қолжетімді болса, 
Medicaid тек қаже гтіліктерге ғана медициналық сақтандыру ұсына- 
ды. Қаражат федералдық үкіметтен және штат үкіметтерінен бөлінеді. 
Ем алу құқығы мен қызметтерді эр штат бөлек анықтайды. Кейбір 
адамдар үшін жан-жақты, сапалы медициналық көмек көрсетіледі. 
Басқаша айтқанда, егер сіз кедей болсацыз өзіңіз де, балацыз да, тіпті 
жүкті әйеліңіз де Medicaid бағдарламасынан көмек ала алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет