Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет350/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Қорытынды
1. Денсаулықты зерттеуге арналған құрылым- 
дық-функциялық теорияның маңызды үлесі -
науқастың рөлін түсіндіруі. Бұл тұжырымда- 
ма аурудың қоғамға деген жағымды әсері мен 
қоғамның сол ағымға кедергі келтірмеуі үіпін 
ауыруды қалай азайтатынын түсіндіреді.
2. Конфликт теориясы тұрғысынан ауруды туын- 
датушылар тұжырымдамасын қарайық: ауру­
ды тудыратын жағдайды қуагтап, одан пайда 
табатын топтар бар. Конфликт теориясы меди- 
кализация құралдарынан ауру анықтамасы- 
ның қалай дамитынын және түрлі ауруларды 
анықгаудағы бәсекелес топтардың мүдделерін 
түсіндіруге көмектеседі.
3. Символдық интеракционизм теориясы - нау- 
қастың тәжірибесін және емделушілердің нүс- 
қауды орындамауының себебін түсіну үшін 
пайдалы.
4. АҚШ-тағы алдын алуға болатын өлімнің жар- 
тысынан көбіне мынадай тоғыз фактор себеп: 
темекі, нашар тамақтану, дене қимылының 
аздығы, алкоголь, бактериялар мен вирустар, 
лас жұмыс орны мен аудандар, автокөліктер, 
қару-жарақтар, жыныстық қатынасқа шақыр- 
ған мінез-қүлық және заңсыз есірткі.
5. Аурудың рөлі - науқас адамдарға қатысты 
төрт әлеуметтік нормадан тұрады. Олардың 
қалыпты әлеуметтік рөлін орындамаудың 
себептері бар және олар ауруға шалдыққаны 
үшін жауапты емес деп есептеледі. Олар ауру­
ды жағымсыз жағдай деп санайды. Сондықтан 
денсаулығын жақсартып, жұмыс істеу үшін 
дәрігерлердің нұсқауын үстануы тиіс. Алайда 
науқас рөлінің үлгісі кейбір ауруларға басқа- 
лардан гөрі жарасымды келеді.
6. Денсаулыққа 
байланысты сендіру үлгісі. 
Бүл «егер нақты қауіп төніп тұрғанын біл- 
се, адамдар денсаулығын сақтауға тырысады
қиындық туған сәтте осындай алдын алу әре- 
кеті оларға төнетін қауіпті азайтады» деп бол- 1 
жайды.
7. 
Жыныс, әлеуметтік тап, нәсілдік/этностық 
ерекшелік және жас мөлшері АҚШ-тағы ауру 
мен денсаулық үлгісін түсіндіруге көмектесе- 
ді. Ерлердің, афроамерикалықтардың, кедей- 
лердің, жастар мен егде адамдардың арасында 
өлім-жітім деңгейі жоғары, оның себебі - биоло- 
гиялық емес, әлеуметтік мәселелер.
8. Денсаулықтың 
әлеуметтік-экономикалық 
мәртебенің төмендігіне байланысты кемшін 
болуы - қарапайым қабілет пен денсаулық 
сақтау ісінің шегінен алшақ шығып кететін 
мәселе. Кедей адамдардың өмір сүру деңгейі 
томен, олар көп күйзеліске ұшырайды, білім 
деңгейі томен және ластанған аймақтарда 
өмір сүреді, сондықтан денсаулығына байла­
нысты қиындықтар туындайды.
9. Әйелдер және төменгі тап өкілдері психика- 
лық ауруға көбірек душар болады. Мұның се- 
бебі әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ мұнда күй- 
зелістің әсері басым. Ер адамдардың зиянды 
заттарды қабылдау, жан күйінің берекесізде- 
ну көрсеткіштері әйелдерден гөрі анағұрлым 
жоғары.
10. Дәрігерлер - кәсіби мамандар. Олар өзінің 
және медициналық орталықтағы басқа қыз- 
меткерлердің жұмысына үлкен ықпал етеді. 
Құрылымды функцияшылдардың тұжырым- 
дауынша, дәрігерлер қабілеті мен таланты 
аз болса да коп табыс табады. Ал конфликте-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет