Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет439/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Кәсіпқой емес мамандар
АҚШ-тағы көптеген жұмысшылар кәсіпқой маман емес. Кәсіби емес 
мамандықты игеру үшін қысқа мерзімді білім алу жеткілікті. Олар- 
да автономия құқығы үшін өзіндік білім алу мен лицензиялық стан- 
дарттар болмайды. Қоғам оларды тек ар-намыс кодексін сақтап, игілік 
үшін қызмет етеді деп санамайды. Алайда кәсіпқой емес мамандар 
жасаған жұмыс сапасыз деуге келмейді. Кез келген жұмыстағы сияқ- 
ты кейбірі білікті, сенімді және өз ісіне адал болса, ал кейбіреулері тек 
уақыт өткізу үшін жүреді.
Кәсіпқой емес мамандардың жұмыс орындары әртүрлі болады: 
бұл - дүкен менеджерлері, шағын кәсіпкерлік иелері және автомеханик- 
терден бастап есік алдын тазалаушыларға, терімшілер мен қоңырауға 
жауап беретін операторларға дейінгі қызметті қамтиды. Бірі қара күш- 
ке сенсе, екіншісі ақылына сүйенеді. Кейбірі өз бетімен жұмыс істесе, 
енді бірі қатаң бақылауда жұмыс істейді. Біреулері (мысалы, элек- 
триктер) кәсіпқой мамандардан (мысалы, қоғамдық қорғаушылардан) 
көбірек табыс табады. Сондықтан олардың жұмыстарына біржақты қа- 
рау қиын.
Дегенмен кәсіпқой мамандарға қарағанда, кәсіпқой емес маман- 
дардың табысы, қоғамдағы дәрежесі және қауіпсіздігі әдетте төмен 
болады және олардың жұмысы қатаң бақылауда әрі жалықтыратын 
сипатта болып келеді. Сонымен қатар кәсіби емес жұмыс орындары 
қызмет көрсету секторына (үшінші) жатады: өткен жылдармен салыс- 
тырғанда, АҚШ түрғындарының айтарлықтай аз бөлігі қазір фабрика- 
лар мен зауыттарда жұмыс істейді; есесіне гамбургер дайындаушылар, 
кредиттік карталар компанияларының қарыздарын жинаушылар мен 
мейірбикелердің көмекшілері болып істейтіндер көбейген. Сонымен 
қатар 7-тарауда айтылғандай, адамдардың көбі бір емес, бірнеше жерде 
жұмыс істегенімен, лайықты өмір сүруге қажетті табыс таба алмайды.
«Көлеңкелі экономикада» жүмыспен қамтылғандар
Көбінесе көзден таса қалып жататын жұмыс түрі -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет