Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет441/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

жумыс­
сыздар. 
Жұмыссыздық көбіне жастар (24%) мен афроамерикалықтар 
(16%) арасында өте жоғары.
Федералдық заң бойынша адамның жүмысы болмаса, жүмыс 
істеуге қабілетті болғанымен, соңғы төрт апта бойы жүмыс іздеп 
жүрсе (сүхбаттасуға барса, түйіндеме жіберсе және т.б.), жұмыссыз 
болып саналады. Бұл анықтама әдетте саясаткерлер, зерттеушілер 
мен баспашылар жұмыссыздық жайлы сөз қозғағанда қолданыла- 
ды. Алайда бұл анықтамаға жұмыс іздеуді қойғандар, мемлекет- 
тік реттеуден күдерін үзіп, торт аптадан аса жүмыс іздемегендер 
кірмейді.
Жұмыссыздықтың ресми анықтамасына жартылай жумыссыз­
дар да кірмейді. Жартылай жұмыссыздар - бүрын толығымен жұмыс 
істеп, бүдан кейін тек жарты күндік жұмыспен қамтылғандар. Сон- 
дай-ақ бүрын менеджер немесе ағаш ұстасы болып толық күн жұмыс 
істеген адамдар жұмыс іздеуге мәжбүр болса, жүмыссыз болып сана­
лады.
Жұмыссыздықтың ресми көрсеткіші жұмыс табудан күдер үз- 
гендер мен жарты күн еңбек ететіндерді ескермегендіктен, көпшілік 
бұл көрсеткіш жағдайды шынайы сипаттай алмайды деп есептейді. 
Жұмыссыздарды, жұмыс табудан күдер үзгендер мен жарты күндік 
жұмыс істейтіндерді қосатын болсақ, жүмыссыздық деңгейі 50 па- 
йызға дейін артады да, 25 миллионга жуық америкалықты қамтиды 
(U.S. Bureau of Labor Statistics 2011a; Goodman and Mance, 2011).


САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
393
Жұмысссыздық пен жарты күндік жұмыс режимі өзара тығыз 
байланысты. Жұмыссыздық деңгейі төмен болса, жұмыс берушілер 
бос орындарға адам табуға мүдделі болады. Жұмыссыздар саны көп 
болған жағдайда жұмыс орны үшін үлкен бәсеке туындайды. Осы- 
лайша кейбіреулердің жартылай жұмыс күнін қанағат тұтуына 
тура келеді. Қазіргі таңда әрбір жұмыс орнына 4,6 адамнан келеді 
(Shierholz, 2011).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет