Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет445/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Жаһандану және болашақ
Бұдан бұрын айтылғандай, экономиканың жаьандануы АҚШ-та 
жұмыс орындарының азаюына алып келді. Мысалы, соңғы бірнеше 
жылда Honeywell International (Нью-Джерсида негізі қаланған) ком- 
паниясы АҚШ азамагтарын жүмыстан шығарып, олардың орнына 
Үндістаннан мыңдаған жұмысшы жалдады.
Жаьандану белгілі бір деңгейде АҚШ экономикасын кері кету 
процесінен өткізіп жатыр: дамуы төмен мемлекет тәрізді біз ағаш 
бөренелер мен бидай сияқты шикізаттарды экспорттап, DVD ой- 
натқыш және автокөлік секілді өнеркәсіп өнімдерін импорттай- 
мыз. Мексикада, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда АҚШ нарығы 
үшін тауар өндіретін жұмыс орындары бар. Ал бұл уақытта АҚШ- 
тағы жұмысшылар гамбургер дайындаумен айналысып жүр.
Америкада жүмыс орнының қысқарғанынан жапа шеккендер 
тек фабрика жұмысшылары ғана емес, компьютерлік бағдарлау 
және ғылыми зерттеу сияқты кәсіби жұмыстар да арзан жұмыс 
күш інтабу мақсатымен шет елге бағытгалып кеткен. Үндістан және 
Филиппин елінің ағылшын тілін білетін жоғары кәсіби маманда- 
ры математика саласынан әлдеқайда білімді және мардымсыз жа- 
лақыға жүмыс істей алатын мамандарды үсынады. Яғни америка- 
лықтар үшін ең қауіпсізі - жергілікті жерде тұруды талап ететін 
жүмыс орны. Мысалы, ит қыдыртушы, сатушы немесе дәрігер.
АКДІ-та жумыс орнын қорғау
АҚШ-та жұмыс орындарын саясаткерлер қалай қорғай алады? Саясат- 
тың үш негізгі нұсқасы бар: консервативтік, либералдық және әлеу- 
меттік инвестиция тәсілдеріне негізделген.
КОНСЕРВАТИВТІК ТӘСІЛ: ТЕГІН НАРЫҚ. Әдетте кәсіпкерлік басшыла- 
ры мен консерваторлар жұмыс орнын сақтап қалу үшін АҚШ-та мем- 
лекеттік бақылауды азайтып, жалақыны және табысты нарықтың 
ырқына қалдыру керек деп санайды. Бұл - жалақы мен жәрдемақы 
қысқартылады дегенді білдіреді. Демек, кәсіпорындардың жұмысты 
автоматтандыруға немесе шетелге көшіруіне себеп азаяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет