Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет81/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

мәдениеттердің салыстырмалылыгы 
деген тұжырым жа- 
салады. Мәдениеттің салыстырмалы болуының нәтижесі сол - ешқан- 
дай тәжірибе түгелдей жақсы немесе түгелдей жаман болмайды; жақ- 
сылық пен жамандық абсолютті емес, салыстырмалы болып келеді.
Бұлайша бағалау кейде интеллектуалдық ерлікпен парапар. Мы­
салы, қаншалықты объективті болуға ұмтылсақ та көпшілігіміз ба- 
ланы өлтіруді, адамды құрбандыққа шалу мен каннибализмді мүл- 
де дұрыс емес деп санаймыз. Мұндай қатынас 
этноцентризмді, 
яғни 
басқа мәдениет өкілдерін өз мәдениетімізде қабылданған нанымдар 
мен тәжірибеге сәйкес бағалау тенденциясын көрсетеді. Этноцент­
ризм әдетте өз жолын дұрыс, ал басқалардың жолын бұрыс деп есеп- 
теуді білдіреді. Мысалы, Америка миссионерлері алғаш рет Оңтүстік 
теңіз аралдарына келгенде полинезиялықтардың көп нәрсені өзгеше 
жасайтынын көрді. Алайда миссионерлер полинезиялыңтардың дәс- 
түрлерін сол қалпында қабылдаудың орнына бұл істерді қателік, тіп- 
ті зұлымдық деп түсінді. Сөйтіп, олар арал тұрғындарына адамдар-
Мәдениеттердің
салыстырмалылыгы
дегеніміз - әрбір мәдени 
ерекшеліктің өз мәдениеті 
тұрғысынан бағалануы.
Этноцентризм 
басқа 
мәдениеттерді 
өз 
мәдениетінің 
нанымдары мен тәжірибесіне 
сәйкес бағалау тенденциясы.


68
2-ТА РА У
1
1911 жылы Роберт Ф.Скотт бастаған 
британдық топ пен Руаль Амундсен 
бастаған норвегиялықтоп Антарктикаға 
жеткен алғашқы зерттеушілер болды. 
Британдықтоптың этноцентризмі 
оларды құрдымға кетірді: Скоттың тобы 
шананы өздері сүйреп, қазаға ушырады, 
ал Амундсеннің командасы инуиттердің 
ит-шаналары мен шаңғы техникасын 
қолданғандықтан, сапарларын сәтті 
аяқтады.
дың өзара қарым-қатынасындағы күнделікті ұсақ-түйектен бастап 
өркениеттің соңғы жаңалықтарына дейін үйрете бастады. Полинезия- 
лықтарды сағат пайдалануға, кездесуге уақытында келуге, полинезия- 
лық климатқа сай болмаса да киім киюге үйретті. Миссионерлер осы- 
лай өмір сүру өзін-өзі үстаудың жалғыз дұрыс жолы деп есептеді.
2.1-сызбада көрсетілгендей, этноцентризм Еуропа елдеріне қа- 
рағанда АҚШ-та басым болып келеді. Алайда «басқа мәдениеттермен 
салыстырғанда біздің мәдениет жақсы» деп есептейтін америкалық- 
тардың саны 2002 жылы 60 пайыздан 2011 жылы 49 пайызға дейін тө- 
мендеген және бұл көрсеткіш басқа, көп елдегіден әлдеқайда төмен 
(Pew Research Center, 2011).
Этноцентризм, көбінесе әртүрлі мәдениет адамдары арасындағы 
өзара әрекеттестікке кедергі келтіреді, бұл жек көру мен түсінбеуші- 
лікке әкеледі. Алайда бүл мүлдем жаман нәрсе емес. Этноцентризм өз 
мәдениетін мақтан тұтуды және жеке өмір салтына деген сенімділікті 
арттырады. Демек, қоғамның бірлігі үшін бұл өте маңызды. Басқаша 
айтқанда, адамдар өз мәдениетіне бағынады, өйткені оны өзін дұрыс 
ұстаудың жолы деп есептейді. Осындай сенім болмаса қоғамда сәйкес- 
тік аз, қайшылық көп болар еді.
Этноцентризм - бір мәдениетте өсіп-өнудің табиғи, тіпті қалау- 
лы өнімі. Алайда оның жағымсыз салдары да бар, ол басқаша ойлау 
мен сезінудің құнын кемітуге әкелуі мүмкін. Соның салдарынан этно­
центризм өзгеріс өздеріне жақсылық әкелетінін біле тұра адамдардың 
әдеттерін өзгертуіне мүмкіндік бермейді (Diamond, 2005). Мысалы, Ан- 
тарктикадағы норвегиялық зерттеушілер британдық зерттеушілерге 
қарағанда әлдеқайда жақсы өмір сүрді, себебі норвегиялықтар инуит- 
тер (эскимос) киімін киіп, шаңғы қолданып, шанаға ит жекті, ал бри- 
тандықтар мұндай тәсілді өз деңгейіне сай деп санамай, соның кесірі- 
нен қазаға ұшырап жатты (Huntford, 2000).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет