СоөЖ 1 Тақырыбы: эссе “ Жағымсыз ойлау депрессиның салдары ма,әлде себебі ме?” Мамандық: «6В01501 Математика»



Дата03.12.2022
өлшемі113,9 Kb.
#54641
Байланысты:
Психология 3 топ-1


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
математика, физика және информатика институты

СОӨЖ 1
Тақырыбы: эссе “ Жағымсыз ойлау депрессиның салдары ма,әлде себебі ме?
Мамандық: «6В01501 - Математика»
Группа: «МОК - 211»
Пән: Психология
Орындаған : Әбдіқалық Нұрсұлтан
Керімхан Саят
Байдулла Аяжан
КенбайФарида
Халбулат Қуандық
Амангелді Нұрзила
Тексерген: Сәлмеке.С.А


Алматы 2022
Жағымсыз ойлау депрессияның салдары ма, себебі ме?
Жағымсыз ойлау депрессияға себеп болады. Біздің ойымыз көңіл күйімізге тәуелді. Сондықтан, жақсы ойлар ойлап, жақсы нәрселерді ғана көріп,жақсы істерге ұмтылған жөн. Ал көңіл-күйіміз бұзылған сәтте ойымыз мүлде басқа бағытқа көшеді. Жақсы ойлар ғайып болып, лезде тек жаман нәрселерді ойлауға бейім боламыз. Ендігі жерде нашар көңіл күйіміз тек нашар ойларға жетелейді. Депрессия меңдеген сайын өткен өміріміздегі естеліктер мен орындалмас армандарымыздың шырмауында қалғандай боламыз. Ал депрессиядан құтылған сәтте көңіліміз қайта жадырайды. Сондықтан дәл қазір депрессияда жүрген адам ата-анасын есіне алса, олардың тек ұрысып-жазалаған сәттерін ғана есіне алады. Ал депрессиядан құтылған адам, депрессияда болмаған сияқты, ата-анасының тек жағымды мінездерін ғана есіне алады. Сондықтан депрессиядағы адамның ата-анасы жайлы жағымсыз естеліктерін естісеңіз: естелік көңіл күйге байланысты екені есіңізде болсын.Эдвард Хирт пен әріптестерінің Индиана университетінің баскетбол командасының жанкүйерлері арасында жүргізген тәжірибесі сүйікті командасының жеңілісінен кейінгі көңіл күйдің уақытша бұзылуының өзі адамның ойына әсер ететінін көрсеткен. Жеңіліске ұнжырғасы түскен көңілсіз мен командасының жеңісіне қуанған жанкүйерлер келесі айналымдағы ойын нәтижесіне болжамы мен өзінің келешегі туралы пікірі әртүрлі болған. Жеңілістен ұнжырғасы түскендер команданың келесі кездесуіне ғана емес, сондай-ақ өзінің келешектегі дартс ойынындағы, анаграмма шешудегі, тіпті махаббаттағы сәттілігіне сенімсіздік білдірген. Біздер бір сәтке жолымыз болмағанның өзіне уайымдап, ендігі жерде ешқашан жолымыз болмайтындай күй кешеді екенбіз Депрессияның адамның мінез-құлқына да әсері бар. Депрессиядағы адам жабырқау, көңілсіз, енжар болады. Ол адам өзін айналасындағылардың түсіне алмайтынын сезеді; пессимизмі мен көңілсіздігінің кесірінен жанындағылардан бөлектеніп қалады.Депрессиядағы адамның көңіл күйі қасындағы адамды да депрессияға түсіруі мүмкін. Ондай студентпен бір бөлмеде тұрған студенттердің бұл ауруға бейім болатыны да анықталған. Жұбайлардың бірінің депрессиясының екіншісіне «жұғатыны» да дәлелденген. Массачусетс қаласында 20 жыл бойы 5 мың адамға жүргізілген зерттеудің нәтижесі тіпті ерекше. Бұл зерттеу бақыт сезімінің де жұқпалы екенін айтады. Яғни әрдайым қуанышты, бақытты адамдардың арасында жүрген адам өзін де бақыттырақ сезінеді екен. Демек, депрессияның адамға когнитивті және мінез-құлқына әсері бар екен.Әлеуметтік психологтар депрессиядағы, жалғызбасты, уайымға салынған және денсаулығы нашар адамдардың өмірге деген көзқарасын белсенді түрде зерттейді. Депрессиядағы адам жағымсыз жағдайларды тұрақты, жан-жақты, ішкі сезімімен тек негативті түсіндіруге бейім болады. Дегенмен зерттеу барысында жеңіл депрессиядағы адамдардың жағдайды еш әсірелеусіз, нақты қабылдайтыны байқалған. Сондықтан депрессияны адамды іштей жегідей жейтін ойларға әкеліп соғатын жай-күй деуге болады.Жалғыздық оқшаулану сезімін тудырып, адамның қоғаммен қарым-қатынасын одан әрі қиындатады. Жалғыздық та депрессия тәрізді қоғамда оқшаулану сезімінің әсерінен жегідей жейтін ойларға әкелетін күрделі жай-күй. Адамдардың барлығы дерлік кейбір жағдайда ыңғайсыздық сезінетіні рас, дегенмен ұялшақ адамдар тіпті жылышырайлы қарым-қатынас кезінде де өздерін ыңғайсыз сезінеді екен. Демек, бұл да адамның мазасыздануына әкеліп соғатын ой тудыратын жай-күй.Қорытындылай келе, денсаулық психологиясы адам өзінің ауру екенін қалай біледі, өзінің бойындағы арудың симптомдарын қалай түсінеді және емделуге қалай шешім қабылдайды деген мәселелерді зерттейді. Сонымен қатар негативті эмоцияның салдарын, оның аурумен, күйзеліспен және пессимистік көңіл күй стилімен байланысын зерттейді.
Бұл эксперттердің ойы,ал менің ойымызша жағымсыз ойлау депрессияға әкеліп әкелмеуі адамның сол нәрсені сезінуіне байланысты.Яғни,жағымсыз ойлар келіп оны жеңе алмасаңыз ,әрине сіз депрессияға тап боласыз.Жағымсыз ойларды жеңіп , әрі қарай жақсы нәрсеге талпынсаңыз онда сіз депрессияға тап болмайтыныңыз анық.
Мысалы,таңертең төсектен тұра алмай жатырсыз ойыңызда сан алуан сұрақтар кетіп жатыр.Көп істерді жасауың керек,уақытың аз ,тұрғың келмей ойыңды жағымсыз ойар билеп жатыр ал ол адамға жағымсыз көңіл күй сыйлап депрессияға ұшыратуы мүмкін.Ал,сіз оны басқаша қабылдап көріңіз таңертең ойлап жатып жұмыстың көптігінің жақсы жағын ойлаңыз ,демек сіз депрессияға жол бермей керемет ойдың жетегінде кеттіңіз.
Қорыта келе , кішкентай мысалдың өзінен тақырып мәнін ашып бердім деген үміттемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет