Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


CASE STUDY: КӨГЕРШІН ҮШЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ТОПТАР



Pdf көрінісі
бет165/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   274
CASE STUDY: КӨГЕРШІН ҮШЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ТОПТАР
Негізгі топтардың көбі отбасылық немесе этностық байланыстар не- 
гізінде бірігеді, мүның өзі топтық бірегейлік пен бауырластықты арт- 
тырады. Ал мұндай бауырластық топ мүшелері мен бөтен адамдар 
арасындағы жағдайды шиеленістіріп жібереді (мәселен, бандылық 
топтардың бір аудан үшін төбелесуі).
Алайда кейбір негізгі топтар бір-біріне ұқсамайтын адамдардың 
да басын қосуы мүмкін. Әлеуметтанушы Колин Джеролмактың (2009) 
Нью-Йорктегі үйдің шатырынан көгершін ұшыратын топты зерттеген 
жұмысы осының айқын дәлелі бола алады.
Салыстырмалы депривация -
өзін жақсырақ өмір сүретін 
басқалармен салыстыру.
Негізгі топтар 
- жақын, бетпе-бет 
әрекеттесетін топтар.


142
5-ТА РА У
Қосалқы топ - ресми, үлкен және 
әділ болып табылады.
Көпшілігі Нью-Йорктің италиялық орамында тұратын жұмыс- 
шы табынан шыққан италиялық америкалықтар ондаған жылдар 
бойы үйдің шатырында көгершін асырау, оларды жарыстыру, ұшыру 
сияқты әрекетгерді бірге істеп келген. Алайда кейіннен денсаулық 
сақтау мекемесінің жаңа ережесі «көгершін ұшырушылардың» шар- 
уасын қиындатып жіберді. Оның үстіне, бұл ауданға испантекті аме- 
рикалықтар мен афроамерикалықтар көптеп көшіп келген соң, әрі 
италиялық америкалықтардың көпшілігі қала сыртына көшіп кет- 
кендіктен, олардың қатары сиреп қалды. Қазіргі италиялық «көгер- 
шін ұшырушылардың» жастары 70-тен асып кеткен. Есесіне, 40-тар- 
дағы испантектілер мен афроамерикалықтардан қүралған «кептер 
ұшырушылардың» жаңа тобы қалыптасып келеді.
Бір қызығы, Нью-Йорктегі италиялықтардың, испантектілердің 
және афроамерикалықтардың (Jerolmack, 2009) арасындағы тарихи 
өшпенділікке қарамастан, кептер үшырушылар этнос және жас айыр- 
машылықтарын назарға алмайтын жаңа негізгі топ қалыптастырды. 
Кептер үшыру - уақытты көп алатын өте қиын жұмыс. Уақыт өте келе 
қартайған италиялықтар өздеріне қолғабыс ететін италиялықтарды 
таба алмай, испантектілер мен афроамерикалық жастарды көмекке 
шақырды. Олардың кейбірі кептер үшыруға қажетті дағды мен тәжіри- 
бені үйреніп, бұл істі ермегіне айналдырды, енді бірі италиялық ұстаз- 
дарыньщ кептерлерін өздеріне алып қала бастады. Бүгінде үш этнос- 
тык; топтың өкілдерінен құралған «кептер ұшырушылар» зоодүкенге 
арнайы жиналып, қауқылдасып, білгендерін бөлісіп, проблемаларын 
талқылайды әсіресе ұшатын кептерлерді «жарқанат» деп санайтын 
көршілерінің қылықтарын көп сөз етеді. Сондай-ақ кептер ұшырушы- 
ларды бәрі бірге тұратын ауданның мәселелері және қара жұмыс пен 
бәсекені қош көретін жұмысшы табыньщ өмір салты ортақтастырады. 
Осылардың барлығы «кептер ұшырушыларды» этностық және жастық 
кедергілерден аттап өтіп, бір негізгі топқа жұмылдырып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет