Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет189/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   274
қоғамдық бақылаудан 
қорыққаннан айылыңызды жиясыз. Мүнда 
айыппүл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты әкімшілік 
жазалар қолданылуы мүмкін. Мектептегі киіну тәртібін бұзған адам 
мектептен шығарылады, дінбасының айгқанына мойынсұнбаған 
адам діннен аласталады, ал дүкен тонаған адам түрмеге қамалады.
Әлеуметтік бақылау емтиханда көшіруден бастап кісі өлтіруге 
дейінгі аралықта, негізінен, өзін-өзі бақылау мен бейресми қоғам- 
дық бақылауға негізделеді. Жеке адамдар мен топтың құндылықта- 
рына қайшы келетін әрекеттің алдын алуға қауқары жететін мекеме 
кемде-кем. Мәселен, көп елде жыныстық азғындыққа бару заңсыз 
болып саналады және заң бойынша ондай адамдар қамауға алынады 
не айыппұл арқалайды. Полиция оны түп-тамырымен жоюға қанша 
тырысқанымен, жоя алмайды. Бүгінде жыныстық азғындықпен ай- 
налысуды ұят деп санайтындар азайып барады, кинофильмдер мен 
кітаптарда ондай азғындық төсек қатынасының қалыпты бір бөлігі


ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
163
ретінде сипатталады. Мұндай жағдайда ресми жазалау шараларымен 
халықты күштеу қиын. Жезөкшелік, марихуана шегу, кәмелетке тол- 
мағандардың ішімдік ішуі - осының барлыгы, егер халық жұмыла 
қолдамаса, тек заңның күшімен көндіру мүмкін еместігін дәлелдейді.
Яғни жалган мәжбүрлеу болғанда халыққа үнамайтын норма- 
лардың өзі күшін сақтайды (Wilier, Kuwabara & Масу, 2009). Жалған 
мәжбүрлеу адамдар қаламайтын нормаларды орындауға міндеттейді. 
Мәселен, көп мектептерде гомосексуалдарды басқа бозбалалар үнемі 
мазақтап, қорлайды, тіпті ұрып-соғады. Алайда бозбалалардың кей- 
бірі гомосексуалдықтан ешбір сөкеттік көрмеуі де мүмкін. Бірақ олар- 
ды мазақтамасақ, өзіміз де құқай көреміз деп қорқады. Бір қызығы, 
осы жалған мәжбүрлеу нормалардың күшеюіне ықпал етіп, тұйық 
шеңбер түзеді. Мойынсұнуды талап еткен әлеуметтік қысым жалған 
мәжбүрлеуге алып келеді, ал бүл мойынсұнуды талап еткен әлеумет- 
тікқысымды одан сайын күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет