Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет212/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   274
Қылмыс үрейі
1990 жылдардан бастап қылмыс деңгейі күрт төмендеді. Сонда да 
Gallup жыл сайын жүргізетін сауалнамада америкалықтардың үш ген 
екісі елдегі қылмыс саны (Gallup.com 2010а) артып отыр деп санайды. 
Бұл «үрей мәдениеті» қайдан пайда болды?
Көптеген топтар мен адамдар үрей таратудан пайда көреді 
(Glassner, 2004). Саясаткерлер үрей шақыру арқылы дауыс жинай- 
ды, бинесмендер қорқыту арқылы өз тауарларын сатады (қару, дабыл 
жүйелері, фишингке қарсы бағдарлама және т.б.), адвокаттар өз үсы- 
ныстарына қолдау табу үшін үрейді пайдаланады (мысалы, арақ ішіп 
көлік айдауды қылмыс қатарына жатқызу, нашақорларды емдеуге 
жағдай жасау, т.с.с.). Ал ақпарат құралдары қылмыстың азайғанына 
емес, ауыр қылмыстарға көбірек назар аудару арқылы оқырман-көрер- 
менін еселей алады (Altheide, 2002, 2006). Ешқандай жаңа тенденция 
байқалмаса да, БАҚ-тар жалғыз-жарым оқиғаларды (мәселен, 2008 
жылғы Солтүстік Иллинойс университетіндегі қантөгісті) жаңа ағым 
ретінде көрсетуге тырысады.
Қылмыстан шамадан тыс қорқу, шынында, көп шығын келтіреді. 
Оның бір салдары - түрме жүйесіне өте көп қаржы жұмсалады (бүл 
туралы келесі тарауларда жан-жақты баяндалады). Тағы бір салда­
ры - қоғам өмірінің нашарлауы. Кейде егде адамдар қылмыстан қо- 
рыққаны соншалық - үйлерінен шығудан қалып, әлеуметтік түрғы- 
да оқшауланады, қимыл-қозғалысты азайтады, сөйтіп, физикалық 
және психикалық денсаулығы нашарлайды. Ата-аналар да балала- 
рының көшеде ойнауына, қоғамдық көлікке мінуіне, қоршаған ор- 
таны өз бетінше танып-білуіне мүмкіндік беретін басқа да әрекеттер 
жасауына тыйым салады (Skenazy, 2009).


ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
181
Қылмыстық сот төрелігі жүйесі
Қылмыспен күресу жауапкершілігі қылмыстық сот төрелігі жүйесіне 
жүктеледі. Бұл тарауда осы жүйенің негізгі элементтерін талқылай- 
мыз. Бірақ, алдымен, ең басты сұраққа жауап беруіміз керек: «Қылмыс 
жасағандарды неліктен жазалаймыз?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет