Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет271/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   274
С е г р е г а ц и я
Қоғамдық теңсіздікті сақтау мақсатында, билік басындағылар қол- 
данатын стратегия -
сегрегация 
деп аталады. Бұл күш немесе қысым 
көрсету арқылы азшылық топты көпшіліктен айыру, оқшаулау.
Нәсілдік және этностық топтардың арасы қатаң жіктелетін бар 
көптеген қоғамда азшылық топтар әртүрлі қысымдарға үшырайды. 
Олар заңды түрде немесе дәстүрлі түрде геттолар, қытай орамдары, 
сол сияқты тағы басқа аудандарда өмір сүруге мәжбүр. Егер олар басқа


НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
235
жерге көшуді жоспарласа пәтер иелері пәтерді жалға беруден бас тар- 
тады. Оған қоса жылжымайтын мүлік агенттіктері олардың телефон 
қоңыраулары мен хабарламаларына мән бермейді. Ал басқа орынға 
көшіп-қонуы сәтті өткен күнде де жаңа көршілері үйлерінің қабырға- 
сына нәсілдік кемсіту сөздер жазып, жағымсыз суреттер салуы мүмкін. 
Тіпті оларға қарсы небір жауыздықтар жасалуы таңғаларлық емес.
Тұрғын үйге қатысты дискриминациялау (азшылық топтарға пә- 
терді жалға бермеу немесе олар шалған қоңырауды елемеу) 1960 жылы 
заңсыз деп жарияланды. Алайда сегрегация басты екі себепке байла- 
нысты әлі де орын алып огыр. Бұл себептер - нәсілдік/этностық және 
ұлттық топтардың экономикалық айырмашылықтары мен сол топ- 
тарға деген теріс көзқарас (Icelond & Wilkes 2000).
Эрине, экономикалық айырмашылық маңызды рөл атқарады. 
Табысы төмен азшылық топтар тіпті өз топ мүшелерінің ауқаттыла- 
рынан бөлек шеттетіліп өмір сүруі мүмкін. Бүл азшылық топтардың 
әлеуметтік жағдайы оңалса, сегрегация азаятынын көрсетеді.
Бірақ сегрегацияның негізінде тек қана экономикалық айырма- 
шылықтар жатқан жоқ. Бір жағынан, өсіп келе жатқан әлеуметтік 
тап- азшылықтың оқшауландырылған ауданда тұру мүмкіндіктерін 
жақсартып жатса да афроамерикалықтар мен латынамерикалықтар 
арасында мұндай жағдай сирек кездеседі. Сол сияқты тіпті афроаме- 
рикалық білім алып, жетістікке жетіп, басқа қалаға көшкен күнде де 
олар «ақ» америкалықтармен салыстырғанда жайсыз аудандарда өмір 
сүреді. Бүған ең басты себеп -табыс көлемі басқалармен бірдей болға- 
нына қарамастан, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің афроамери- 
калықтарға жақсы-жайлы үй көрсетуі сирек кездеседі. Оларға ипоте- 
калық кредит бермеуі мүмкін және болашақ көршілері тарапынан 
наразылық білдірілуі ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет