Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет53/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   274
Конфликт теориясының негізіндегі
болжамдар
Конфликт теориясы Маркс идеяларынантуындайды. Қазіргі конфликт 
теориясы негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады:
1. 
Бәсеке. Жеткіліксіз ресурстарға (ақша, бос уақыт, жыныстық қатынас- 
тағы әріптестер және т.б.) қол жеткізу жолындағы бәсеке барлық әлеу- 
меттік қатынастың негізі болып саналады. Адамдар арасындағы қа- 
рым-қатынас табиғатына консенсустан гөрі бәсеке жақынырақ тұрады.
2. Құрылымдық теңсіздік. Әлеуметтік құрылымдардың барлығын- 
да билікті және сый-қүрметті бөлісуде теңсіздік бар. Кез келген 
нақты құрылымның шапағатын көрген адамдар мен топтар осы 
теңсіздікті сақтап қалуға тырысады.
3. Әлеуметтік өзгеріс. Өзгеріс - бейімделудің емес, бәсекелес мүдде- 
лер арасындағы шиеленістің нәтижесі. Бұл эволюциялық емес, 
көбіне кенеттен немесе революциялық жолмен келеді, оның үсті- 
не, зиянына қарағанда пайдасы көбірек болады.
Конфликт теориясын пайдалану
Құрылымдық функцияшылдар секілді конфликтологтар де әлеумет- 
тік құрылымдарды зерттейді. Алайда конфликт теориясының ғалым- 
дары қазіргі әлеуметтік қүрылымдардан қандай топтардың көп пайда 
көріп отырғанын және олардың бұл артықшылықтарын қалай сақтап 
отырғанына баса мән береді.
Мәселен, тұрмыстағы зорлық-зомбылықты зерттегенде әйелдер- 
дің еркектерге қарағанда әлдеқайда жиі және қатты зәбір көретінін 
айтамыз, бірақ бұл шындық «түрмыстық зорлық-зомбылық» термині- 
нің тасасында қалады. Конфликтологтар: «Бұл кімге пайдалы?» деген 
сұраққа «Әйелдерге қол жұмсау арқылы ерлер үйдегі үстемдігін сақтап 
қалады», - деп жауап береді. Мұнан соң теорияшылар: «Бұл жағдай не- 
ден болды?», «Осы қалпында қалай түр?», - деген сауалға жауап іздейді. 
Сондай-ақ ғалымдар: «Неге кейбір діндер әйелдерді күйеулерінің қа- 
лауына бағынуға, тіпті қол көтергеніне де мойынсұнуға шақырады?», 
«Неге соңғы уақытқа дейін әйелді сабау қылмыс болып саналмай кел- 
ді?», «Неге кейбір полицейлер әлі күнге дейін әйел сабауды онша маңы- 
зы жоқ отбасылық проблема деп санайды?», - деген сұрақтар төңірегін- 
де ойланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет