Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет170/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   274
5-ТА РА У
ретінде алынады. Эксперимент талабы бойынша оқытушы екі сөзден 
тұратын сөз тіркесін оқып береді, оқушы соны есінде сақтауы тиіс. Со- 
дан кейін оқытушы оқушыға элгі сөздерді екінші рет оқып береді, тек 
бұл кезде әрбір сөз тіркесінің алғашқы сөзі мен төрт жауабы берілуі 
керек. Егер оқушы дұрыс жауап бермесе оқытушы дұрыс жауапты өзі 
айтып, оқушыны электр тоғымен (басқа бөлмеде орналасқан) соқты- 
рады. Оқушы қателескен сайын электр тоғының кернеуі жоғарылаты- 
лады. Эксперимент жүргізуші оқытушыға оқушы барлық сұрақтарға 
дұрыс жауап бергенше сөз тіркестерін көрсетілгендей әдіспен оқыту- 
ды жалғастыра беруді тапсырады.
Шындыгында, экперимент барысында оқытушы да, оқушы да 
Милгрэмнің өзімен жұмыс істеген және жалған «электрлік соққы» 
қолданылған. Мәселе оқытушының не істейтіндігінде болатын. Экс­
перимент нәтижелері жантүршігерлік болып шықты: оқытушылар- 
дың үштен екісі тіпті электр соққысы құрылғысындағы «қауіпті: ауыр 
соққы» деп көрсетілген (үш қызыл түсті X әріптері) нүктеге жеткеннен 
кейін де тоқ жіберуді тоқтатпаған. Эксперимент барысында оқушылар 
алғашқыда өздерін сабақтан босатуды сұрайды, кейін қатты ауырсы- 
нып тіпті шыңғырып, соңында үнсіз қалған жағдайлар да болтан.
Өкінішке қарай, кейінірек АҚШ пен басқа елдердегі осындай 
эксперименттер барысында адамдардың 61-66 пайызы басқаларға 
ауыртпалық әкелетінін біле тұра экспериментатордың нұсқауларын 
орындауға дайын екендіктерін көрсеткен (Blass, 1999; Burger, 2009). Бұл 
нәтижелер бойсұну мен топтық ынтымақтастыққа үйретілген аме- 
рикалық жауынгерлердің не себепті Абу-Грейбте, Гуантанамода және 
басқа жерлерде бұйрық берілген жағдайда тұтқындарды қорлауға 
дайын болғандығын түсіндіріп береді.
Конформизмге жүргізілген соңғы зерттеулер
Кейбір зерттеушілер адамдардың белгілі бір топқа мүше болуы, олар- 
дың сол топтың өлшемдеріне сәйкес келуіне ықпал етеді деп көрсе- 
теді. Мысалы, жақында жүргізілген бір зерттеуде (Wilier, Kuwabara & 
Масу, 2009) ерікті алты студенттен үш алкогольсіз шараптың сапасы- 
на бага беру сұралған. Шын мәнінде, алынған шараптардың үшеуі де 
бірдей болатын, тек біреуіне ғана сірке суы араластырылған. Экспери­
мент жүргізуші бес студентпен алдын ала келісіп алған. Эксперимент 
шынайы қатысушыларға дейін шарапты аталған бес студент татып 
көріп бағалайтындай етіп үйымдастырылды. Эксперимент барысын­
да студенттердің бесеуі де екінші шараптың сапасы басқа шараптар- 
дан айтарлықтай төмен деп бағалайды. Эксперименттің екінші бөлі- 
гінде студенттердің бірі шараптарға дұрыс баға береді. Нәтижесінде, 
қатысушылардың 53 пайызы студенттердің жалған бағалауын бас- 
шылыққа алған, ал 6 пайызы сірке суы бар шарапқа қарағанда екінші 
шараптың сапасы төмен деген шешімге келген! Бүл эксперимент бөгде 
топ мүшелерінің адамдары бейтаныс болса да, адамдар топтың ықпа- 
лына түсуге бейім болып келетінін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет