Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Шағын топтардағы конформизмді түсіндіру



Pdf көрінісі
бет171/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   274
Шағын топтардағы конформизмді түсіндіру
Адамдар топтың мәжбүрлеуінсіз-ақ сол топтың пікірімен неліктен 
жиі келіседі? Біріншіден, адамдардың бәріне айналасында болып 
жатқан нәрсені түсінемін деп ойлау үнайды. Бірақ бұл әрдайым оңай- 
ға түсе бермейді. Қарапайым термометрдің температураны 90 градус- 
тан жоғары не томен деп көрсеткеніне сену оңай. Ал, мысалы, келе- 
сі жылы Ливияның әскери күші үкіметті құлататыны туралы біле 
алмаймыз. Адамдар әсіресе өздерінің біліміне сенбейтін кезде топ-


ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
147
тың көзқарасын қабылдауға бейім болып келеді (Levine, 2007; Wilier, 
Kuwabara & Масу, 2009).
Екіншіден, адамдар топтың көзқарасын оның әжуа қылуынан не 
одан қол үзіп қалудан қорыққан кезде қабылдайды (Levine, 200; Wilier, 
Kuwabara & Масу, 2009). Мұндай қорқыныш ауызбірлігі жоғары топтар 
ушін тиімді. Бірақ, өзіміз көргендей, бұл тіпті бөтен адамдар арасында 
да орын алуы мүмкін.
Топтық шешімдер қабылдау
Әлеуметтанудағы шағын топтарды зерттеу бағыты топтың сипаты 
шешім қабылдауға қалай эсер ететінін жіті қарастыруда. Мұндай 
зерттеулер әртүрлі топтарда, атап айтқанда, үшақ экипажында, сүң- 
гуір қайықтың экипажында, наразылық білдіруші топтарда, іскер- 
лік кездесулерде және қазылар алқасы арасында жүргізілген (Gas til, 
Burkhalter & Black, 2007; Ghaziani & Fine, 2008).
Эдетте, топтар келісімге келуге ұмтылады. Олар өздерінің барлық 
шешімдері топтың әрбір мүшесіне қолайлы болғанын қалайды. Деген- 
мен топтың ауқымы кеңейген сайын келісімге келу қиындай түседі, 
алайда топ мүшелері түгелдей бірлесе наразылық білдіруге айтар- 
лықтай уақыт не күш жұмсағанымен олардың өзара әрекеті түсініксіз 
болады, әрі бір жерден шықпайды. Мәселен, топ көлемі артқан сайын 
топ мүшелері көбінесе басым бөлігінің саясатын қабылдайды. Бұл са- 
ясат тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Алайда, мұндай мүм- 
кіндік көбінесе топтың кейбір мүшелерін қанағаттандырмайды. Сон- 
дықтан топтың тұтастығына сызат түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет