Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Әлеуметтік және таптықайырмашылықтар



Pdf көрінісі
бет211/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   274
Әлеуметтік және таптықайырмашылықтар
Жоғарыда айтылғандай, төменгі тап өкілдерінің АҚШ ұлттық статис- 
тикасында аталатын қылмыс түрлерін жасау және тұтқындалу ықти- 
малдығы әлдеқайда жоғары. Шиеленіс теориясын қолдаушылар мен 
конфликт теориясын жақтаушылардың кейбірі «төменгі тап өкілдері- 
нің жетістікке жету мүмкіндігі болмағандықтан, жиі қылмыс жа- 
сайды» деп түжырымдайды. Жұмыссыздық деңгейі өскенде қылмыс- 
тың да артатынын осымен түсіндіруге болады. Ал тежеу теориясы 
мамандарының айтуынша, төменгі тап өкілдері мектеп не еңбек на­
рыты сияқты дәстүрлі институттардан жақсылық көрмегендіктен 
қылмысқа барады.
Екінші жағынан, ат қою және конфликт теорияларының өкілдері 
төменгі таптың көбірек қылмыс жасайтын болып көрінуіне заңда- 
гы және заңды орындаудағы біржақтылық себепкер дейді. Байқаға- 
нымыздай, ақша жымқыру, баға демпингі және қүнды қағаздарда- 
ғы алаяқтық статистикаға енгізілетін болса, қылмыстың әлеуметтік 
таптар арасында таралу картинасы мүлде өзгеше болар еді.
Нәсілдік айырмашылықтар
АҚШ тұрғындарының 13 пайызы ғана афроамерикалықтар. Соған қа- 
рамастан, кісі зорлап, ұрып-соққаны үшін түтқындалғандардың үш- 
тен бірі, кісі өлтіргені үшін тұтқындалғандардың жартысы - солар.


180
6-ТА РА У

Ақнәсілділер мен басқа нәсіл 
I өкілдері бірдей қылмыс жасаған 
күннің өзінде басқа нәсілділерді 
түтқындау, айыптау және соттау 
ықтималдығы жоғарырақ.
Жалпы халықтың 16 пайызы болатын испантектілер ауыр қылмы- 
сы үшін тұтқындалғандардың 28 пайызын құрайды. Түтқындау 
және түрмеге жабу статистикаларында мүндай үлкен айырманың 
болу себебі - азшылық пен ақ нәсілділер арасында әлеуметтік тап 
ерекпіеліктері бар. Бұл жайтты есепке алған күннің өзінде, ис- 
пантектілер мен афроамерикалықтардың қылмыс жасаганы үшін 
тұтқындалу ықтималдығы әлдеқайда жоғары.
Қылмыс деңгейінің жоғары болуын кедейлік, сегрегация (бас- 
қа нәсілділерді ақ нәсілділерден бөліп тастау) және жұмысқа түру 
мүмкіндігінің аздығы сияқты себептермен түсіндіреміз. Афро- 
америкалықтар мен испантекті америкалықтар көбіне дәстүрлі 
жолдармен жетістікке жету мүмкіндігіне шектеу қоятын, ресурс- 
тары аз аудандарда тұрады, сондықтан түрлі қиындықтарға тап 
болу олардың өмір салтына айналған (Newman, 1999b; Sampson & 
Raudenbush, 1999; Sampson, Morenoff & Earls, 1999). Дифференциял- 
дық ассоциация теориясы да, тежеу теориясы да мүндай жагдаят- 
тардың қылмысқа алый келуі мүмкін екенін айтады.
Бірақ азшылық пен көпшіліктің қылмыс деңгейі арасындағы ал- 
шақтық шындыққа онша жанаспайды. Орташа алғанда азшылықтың 
ақ нәсілділерге қараганда көбірек қылмыс жасайтыны рас. Бірақ олар- 
дың (мектепте тентектік жасаудан бастап кісі өлтіруге дейін) бірдей 
әрекеттерді жасау ерекшеліктерін салыстырар болсақ, азшылық өкіл- 
дерінің сотқа көбірек шақырылып, қамауға жиі алынатынын және 
сотталатынын байқаймыз (Austin & Allen, 2000; Cureton, 2000). Нәти- 
жесінде, АҚШ статистикасында азшылық өкілдері жасайтын қылмыс 
саны тым көбейтіліп көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет