Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет214/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   274
6 -ТА РА У
Полиция қызметкері заңды қалай қолданамын десе де өз еркі. 
Мае не дөрекілік танытқан адамды үйіне жіберу керек пе, әлде 
айыппүл салған жөн бе? Тәртіп бұзған жасөспірімге айып салған 
дұрыс па, әлде ата-анасына хабарлау жете ме? Басқа жағынан еш 
міні жоқ топтан марихуананың иісі шығып тұрса, елемей қоя 
сала ма, әлде тергей ме? Сот залдарындағы ресми шешімнен айыр- 
машылығы - полицияның көшеде қабылдаған шешімі көпшілікке 
байқала бермейді әрі оған баға беру қиын.
Соттар
Тұтқындалған адамның қылмыстық сот жүйесіндегі қым-қуыт 
өмірі басталады. Бұл процесс бірнеше кезеңнен тұрады, осы кезең- 
дердің әрқайсысында оны жазалауы не жазадан босатуы мүмкін.
Мемлекет біреуге айып тағу керек деп шешсе, бүл - қылмыстық 
сот жүйесінің ең маңызды бөлігі болмақ. Бұған қатысгы шешім 
қабылдау құзыреті штаттың, аймақтың және басқа әкімшілік қү- 
рылым прокурорының мойнында болады.
Прокурор біреуге айып тағу туралы шешім қабылдағанда айы- 
бын мойындау туралы мәмілеге келуді балама ретінде ұсынады. 
Мұндай мәмілеге келген айыпкердің жазасы жеңіл болмақ. Айыбын 
мойындау туралы мәміле прокурордың жазалау статистикасын жақ- 
сартады әрі штатты сот өткізіп, шығынданудан құтқарады.
Ал судьялар мен адвокаттардың айтуынша, ұзақ мерзімге бас 
бостандығынан айыратын заңдар мен кінәсін мойындау туралы 
мәміле тәртібі прокурордың адам тағдырын өз бетімен шешуіне 
кеңінен мүмкіндік береді. Прокурор айыпкерге: «Кінәңді мойын- 
дап, мәмілеге келсең, жеңіл жаза алып, аз уақытта түрмеден шыға- 
сың, ал кінәңді мойындамасац, онда айыбың дәлелденген жағдай- 
да 25 жылға сотталасың», - деп шарт қойғанда, кінәсіз адамның өзі 
айыбын мойындай салуы мүмкін (Орреі, 2011). Олардың адвокату­
ры тым тәуекелшіл болмайық деп, мәмілеге көндіруге тырысады, 
судьялар мәмілеге бармаған адамның қылмысы соншалық ауыр 
болмаса да, қысқа мерзім кесуге бата алмайды. Соның кесірінен 
қазіргі айыптау өкімдерінің көбі сот шешіміне емес, сотқа дейін- 
гі келіссөздер нәтижесіне негізделген (АҚШ Әділет департамент), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет