Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет158/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
137
кетсе де оны бірлесіп алып отырған. Демек, героинді бөлісу тек эконо- 
микалық шешім болған жоқ, олар сол арқылы достық пен әлеуметтік 
байланыс орнатуды көздеген.
Қатысушы тараптар бірдеңе алып қала алатын айырбас қарым- 
қатынас қана өміршең болады. Дегенмен оның өтемі бірдей болуы 
міндетті емес, бірдей бола да бермейді. Оның үстіне, қатысушы та- 
раптардың ықпал-куші де әркелкі. Бағалы ресурстарға көбірек ба- 
қылау орнататын адамның билігі де үнемі күшті болады. Айталық, 
футбол командасының капитаны (немесе бандының басшысы) үмі- 
ті тым аз болса да «қыздар менімен жақсы қарым-қатынаста болғы- 
сы келеді» деп ойлайды, яғни басқа балама мүлде жоқ болған кезде 
ғапа тең емес қарым-қатынас орнауы мүмкін (Molm 2003; Stolte, Fine 
& Cook, 2001).
Ынтымақтасу
Ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесе жұмыс істеуді ынтымақ- 
тасу дейміз. Айырбас деген - алыс-беріс, яғни «мен саған бердім, енді сен 
маған бер» деген қағидаға сүйенеді. Ал ынтымақтасу - ортақ мақсатқа 
жету үшін бірлесе жұмыс істейтін адамдар тобының бірлесуі, яғни ко- 
мандалықжұмыс. Мәселен, көше қиылысындағы «жол бер» деген белгіні 
алайық. Біз мүндай белгіні көргенде жылдам өтіп кетуге тырыспаймыз, 
себебі кезекпен өтсек қана жылдам әрі қауіпсіз болатынын түсінеміз. 
Ұзаққа созылатын қарым-қатынастардың көбінде ынтымақтасу элемент- 
тері болады. Ерлі-зайыптылар балаларды өсіру мақсатында, ал оқушы- 
лар мұғалімді алдау үшін ынтымақтасады.
Сондай-ақ ынтымақтасу бұдан да кеңірек қоғамдық деңгейде 
жұмыс істейді. Көршілер үйдің жанынан биік ғимарат салғызбау 
үшін күресте ынтымақтасады, ал бүкіл ел тұрғындары мүқтаж жан- 
дар медициналық қызмет ала алуы үшін салықты көтеруге келіседі. 
Адамдар ортақ қатер төнгенде, өздерінің жеке экономикалық мүдде- 
лерін қорғау керек болғанда немесе сол қауыммен арадағы байланыс- 
ты сезінгенде ынтымақтасуға бейім тұрады (Van Vugt & Snyder, 2002).
Бәсеке
Кейде адамдар айырбас немесе ынтымақтасу арқылы мақсаттарына 
жете алмайды. Егер менің ұйықтағым келсе, ал сіз даңғырлатып му­
зыка ойнағыңыз келсе немесе екеуіміз бірдей жұмыс істегіміз келсе 
біреуіміз мақсатымызға жете алмаймыз. Мұндай жағдайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет