Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет157/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

әлеуметтік процестер 
деген терминді қолда- 
намыз. Бұл бөлімде жиі кездесетін әлеуметтік процестің төрт түрі - 
а й ы р б а с , ы н т ы м а қ т а с у , б әс ек е ж ән е к о н ф л и к т
сөз болады.
Айырбас
Айырбас 
дегеніміз - материалдық немесе материалдық емес игілік- 
терді ерікті түрде саудаға салу (Stolte, Fine & Cook, 2001). Қоғамдық қа- 
рым-қатынастардың көп түрі айырбас элементтерін қамтиды. Достасу, 
үйлену сияқты қарым-қатынас түрлерінде бірлесу, қолдау көрсету, бір- 
бірінің мәселесіне қүлақ асуға деген қүлшыныс сияқты материалдық 
емес айырбас жүзеге асады. Бизнес пен саясатта айырбас тіке жүруі 
мүмкін. Мәселен, саясаткер өзіне берілген дауыстарды заңға айырбас- 
тайтынын ашық мойындайды. Яғни: «Сендер маған дауыс берсеңдер 
мен сендерге тиімді заңдарды қабылдау үшін дауыс беремін», - дейді.
Адамдар өздері алған нәрсеге лайықты жауап қайтарып, беріс пен 
алыстың арасында тең әрекет ете алса айырбас жақсы жұмыс істейді 
(Molm, Schaefer, & Kollet, 2007; Моіш, Peterson &Takahashi, 2001). Адамдар 
осы теңдікке сүйенеді деген түсінік 
озара алмасу нормасы 
деп ата- 
лады (Bonacich & Bienenstock, 2009). Жақыныңа жәрдемдессең ол да 
оның қайгарымын жасауы тиіс. Егер жасаған жақсылықтың қайта- 
рымы болмаса, онда араларың суи бастауы мүмкін. Сол сияқты, егер 
біреумен қарым-қатынасты қаламасаң, оның қамқорлығынан бас тар- 
татының анық. Мәселен, сіз онша танымайтын біреу курс жұмысы- 
ңызды жазып берем десе «бұған менен не керек?» деп ойлайсыз. Оныц 
алдында қарыздар болып қалғыңыз келмесе, курс жұмысыңызды 
өзіңіз жазасыз.
Өзара алмасу нормасының күштілігі сондай, ол гіпті героинге 
тәуелділік қатты қысқан нашақорларға да ықпал етеді. Сан-Фран- 
цискода он жыл бойы нашақорларды зерттеген Филипп Бургоис пен 
Джефф Шонберг мұны былай сипаттайды:
«Қара героин суы қ кезінде сьш гы ш , ал ы сты қ кезінде ж абы сқақ болы п келеді, 
сон ды қтан оны п ы ш ақ п ен не үстарам ен дуры стап бөлу қ и ы н . Қара героинды 
бөлудің ж алғы з ж олы - оны белгілі бір мөлш ердегі суға ерітіп алыгі, калибр- 
ленғен ш п р и ц к е құю. Екі не одан да көп адам бір қорап героин саты п алу үшін 
а қ ш а ж ин аса, олар есірткіні қосқан ақ ш ал ар ы н а қар ай әділетті түрде бөлу- 
д ің ж олд ары н табады. Егер біреу өзі ал ға н үлестен көбірек ақш а берсе, бола- 
ш ақта қ а й тар ы м ы н ал аты н ы н барлы ғы түсінеді».
Бір қызығы, Бургоис пен Шонберг зерттеген нашақорлар героин- 
нің бағасы әркім өзі сатып ала алатындай деңгейге дейін арзандап




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет