Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет165/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Қосалқы топтар
Қосалқы топтың негізгі топтан айырмашылығы - олар ресми әрі 
ауқымды болып келеді және олар жеке адамға негізделмеген. Негізгі 
топтың басты мақсаты - адамның экспрессивті қажеттіліктерін қа- 
нағаттандыру болса, қосалқы топ инструменталдық қажеттіліктерді 
өтейді, яғни белгілі бір шаруаны орындауға қызмет етеді. Қосалқы 
топтардың табиғаты рационалды әрі келісімшартқа негізделген бо­
лып келеді, оның мүшелері белгілі бір мақсатқа жетуді ғана көздей- 
ді (мәселен, жүмыс істеп, қосымша ақша табу, аяқкиім алу, жалақы 
алу, т.с.с.). Олардың бір-біріне деген қызығушылығы осы келісімшарт- 
тардың шеңберінен аса алмайды. Бұл екі топтың арасындағы айыр- 
машылық «Тұжырымдама қорытындысы: негізгі және қосалқы топ­
тар» деген бөлімде кеңінен талқыланады.
Қосалқы топтың негізгі мақсаты - нақты міндетті орындау. Егер 
ұшақ жасағыңыз келсе, әлеуметтік жобаға ақша жинауды қаласаңыз 
не 2 мың адамға әлеуметтануды оқытқыңыз келсе, онда сіз қосалқы 
топтың көмегіне жүгінесіз. Үйімізді тұрғызуға, азық-түлігімізді жет- 
кізуге, балаларымызды оқытып, ауруымызды емдеуге солар жауапты. 
Яғни оларсыз біз ештеңе істей алмаймыз.
Қоғамның ауқымы кеңейген сайын қосалқы топтардың маңызы 
артып келеді. Индустриялануға дейінгі қоғамдарда адамдар өз отба- 
сы мүшелерінен немесе маңайындагы шағын топтан басқалармен 
өте сирек әрекетке түсетін. Бүгінде біз түрлі топтарға мүше болып, 
қиюласқан қоғамда өмір сүреміз, оның үстіне біздің негізгі топпен 
байланысымыз да нашарлап барады. Адамдар жұмысын, тұратын


ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
143
Үғы м дарды ң қрры ты нды сы
Негізгі және қосалқы топтар
Ерекш елік
Н егізгі топ тар
Қ осалқы топ тар
Көлемі
Шағын
Үлкен.
Қарым-қаты нас
Жеке, ж ақы н
Жеке емес, әлсіз.
Байланыс
Бетпе-бет
Тікелей емес: хабарламалар.
Ұзақтығы
Ұзақ мерзімді
Қысқа мерзімді.
Өзара ж а қ ы н д ы қ
Өте күш гі, бір-бірінё 
беріледі
Әлсіз, бір адамга 
бағы тталған.
Шешімдер
Дәстур мен адам и сезімге 
негізделген
Ережелер мен рационалды
ойлауға негізделген.
Әлеуметтік
қуры лы м ы
Бейресми
Ресми: қызм ет дәрежесі, 
кеңселер, ж иналы стар, т.с.с.
Негізгі м ақ сат
Экспрессивті 
қаж еттіктерді 
қанағаттанды ру: 
эмоционалды қ қолдау 
көрсету және әлеуметтік 
и нтеграци ялау
И нструменталды қ 
мақсаттарды орындау: 
белгілі бір тапсырмаларды
жүзеге асыру.
жерін ауыстырады, басқа адамға үйленеді немесе отбасынан жыраққа 
көшіп кетіп жатады. Дәстүрлі негізгі топтардың рөлі төмендеуінің сал- 
дарынан адамдар қазір қосалқы топтарға көбірек сенім арта бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет