Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет299/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Компульсивті гетеросексуализм 
- адам- 
ның ер адамға тән мінезі мен қасиеттерін үнемі көрсетуі (үстем мә- 
дениеттерде гетеросексуалдылығын көрсетуі де). Калифорниялық 
жоғары мектеп оқушылары арасында зерттеу жүргізген әлеуметта- 
нушы С.Дж.Паско (2007) ер балалардың бір-біріне сексуалдық жетіс- 
тіктері туралы әңгімелейтінін анықтады. Олар қыздарды физика- 
лык; қатерге душар ету немесе қыздарға шабуыл жасау, жыныстық 
қатынасқа көндіру қаупін төндіріп, қыздарға шабуылдауды ойла- 
ған. Бәрінен де шошытатыны - қыздар күштеу қаупіне ұшыраған 
жағдайда да мүғалімдер бұл әрекеттерге кедергі жасамаған. Ұл ба- 
лалардың әрекеттері мен мұғалімдердің әрекетсіздігінің ұштасуы, 
мүндай қылық ерлерге тән табиғи нәрсе деген сенімдері ұлдардың 
өзді-өздеріне және басқаларға осы сенімдерін дәлелдеуге ықпал 
еткен.
Гендер - әлеуметтік құрылым
Гендер - әлеуметтік құрылым, қоғамның құрамына енеді (Risman 
1998). Жұмыс орны күндізгі күтімді қамтамасыз етпеген жағдайда 
гендер әлеуметтік құрылымға айналады. Әйелдер бірдей еңбекақы 
алмайды; әкелер бала тууына байланысты демалысқа шықпайды. 
Баскетбол доптары, басшылыққа арналған орынтақтар, электр құрал- 
дары орташа ер адам үшін ыңғайлы болатын өлшемде жасалады. Үй 
шаруашылығына әйелмен бірдей қатысатын күйеулер достарының 
күлкісіне қалады. Мацыздысы, гендерлік рөлдер мен көзқарастардағы 
өзгерістер бір жағдайда - егер гендердің әлеуметтік қүрылымында қа- 
тарласқан өзгерістер болса ғана қоғамның өзгеруіне алып келеді. Сон- 
дай-ақ әлеуметтік құрылым өзгерсе, гендерлік рөлдер мен көзқарас- 
тар да өзгереді. Мысалы, Барбара Рисман анықтағандай (1998), әйелі 
қайтыс болған немесе тастап кеткен ер адамдар өздерінің балаларына 
күтім көрсетуді тез арада үйреніп кетеді.
Гендерлік негіздегі денсаулың,
білім және табыс теңсіздіктері
Сексизм мен дискриминацияның ұштасуы қыздар мен үлдарды, ер­
лер мен әйелдерді түрлі траекторияларға орналастырады. Бұл әртүр- 
лі тәсілдермен адамдардың келешегіне эсер етеді. Алдағы тарауда біз 
гендерлік теңсіздіктің денсаулыққа, білімге және табысқа қалай эсер 
ететінін қарастырамыз. Әйелдердің салыстырмалы түрдегі томен 
әлеуметтік дәрежесі немесе билікке қолжетімділігі оларға жиі кері 
әсерін тигізеді. Алайда кейде гендерден дәмелену ерлердің де тәуе- 
келін арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет