Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет390/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Дін қазір неге керек?
Фундаментализмнің өсуі
Секуляризация - заттардың, 
ойлардың немесе қасиетті билік 
(діни адамдар) оқиғаларының 
қасиетсіз немесе шынайы, билікке 
(мемлекет, медицина, т.б.) берілу 
процесі уақыт өте күшейеді деп 
ойлады.
Бүрын тылсым болып келген оқиғаларды түсіндіруде, ғылым мен тех- 
никаның қабілеті артқандықтан, 1970 жылдарға дейін ғалымдар дінніц 
ықпалы бәсеңдейтініне сенімді болды (Emerson & Hartman, 2006). Нәти- 
жесінде, олар секуляризация - діни заттардың, ойлардың, биліктің 
зайырлы билік иелеріне (мемлекет, медицина, т.б.) берілу процесі уақыт 
өте күшейеді деп ойлады.
Ғылым қазіргі кезде ауру, жер сілкінісі, күн тұтылуы сияқты 
көптеген қүбылыстарды түсіндіреді. 12.2-кестеде көрсетілгендей, 40


БІЛІМ ЖӘНЕ ДІН
349
12.2-КЕСТЕ. Діни сенімніңөзгеруі. 1962-2010 ж ж .
Соңғы 40 жылда америкалықтардың діни сенімі әлсіреді, әсіресе діннің маңызы зор 
және Інжіл Құдайдың ақиқат сөзі деп ойлаушылардың саны төмендеді.
1962-65
2010
Дінге сенім нің болуы
98%
86%
Дін - олардың өміріндегі аса маңызды бөлік
70
54
Інж іл - Құдайдың сөзбе-сөз қабылдауды қаж ет 
ететін ақиқат сөзі
65
30
ДЕРЕККӨЗ: U.S. Gallup.com 2010b, 201 lb; accessed November 2011
жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, қазір америкалықтардың 
көбі дінді өмірінің ажырамас бөлшегі, ал Інжіл - Құдайдың ақиқат 
сөзі деп санамайды. (Солтүстік және Батыс Еуропада дінге сенбейтін 
адамдардың үлесі өте жоғары). Секуляризацияның іске асқандығын 
көрсететін дәлелдер көп болғанымен, соңғы 30 жылда АҚШ және 
басқа мемлекеттерде фундаменталистік дінге сенушілер саны артты 
(Sherkat & Ellison, 1999; Stark & Einke, 2000; Emerson & Hartman, 2006).
Ф ундаментализм - дінге сенушілердің қасиетті кітаптарын 
Құдайдың ақиқат сөзі деп, олардың қағидаларының дәстүрлі тәп- 
сірлерін бұлжытпай қабылдайтын және сол кітаптарда көрсетілген 
рәсімдер бойынша өмір сүру маңызды деп санайтын діни қозғалыс. 
Фундаментализм дүниежүзі бойынша католиктер, протестанттар, 
еврейлер, мұсылмандар және басқаларының арасында кездеседі. 
Олардың сенімінің күштілігі соншалық, саны аз болса да діні мен 
өмір салтына қауіп төндіретін дінсіздерге қарсы шығуға дайын тұ- 
рады. Ф ундаменталист^ зорлық адамдардың діні үкімет тарапынан 
тапталып-жаншылғанда немесе мәдениетті басып алған ұлт тара­
пынан бүзылған жағдайда көбірек туындайды (Emerson & Hartman 
2006). Өкінішке қарай, саяси лаңкестер әлеуметтік өзгерістер ар- 
қылы БАҚ өкілдерінің назарын аудартқысы келсе, діни лаңкестер 
(бала алдыртушыларға қарсы күресетін христиандар мен 2001 жылы 
11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығына шабуыл жасаған мұ- 
сылмандар сияқты) Құдай алдындағы парызын уәж етеді. Олар кей 
қоғамдарды өзгерткісі келеді, өйткені шектен тыс бүлінген деп са- 
найды. Сондықтан кісі өлтіруден де тайынбайды (Hoffman, 2006).
Модернизация, ертеректегі ғалымдардың пікірінше, діни сенімді 
азайтады. Ал кейбір діндарлар үшін, керісінше, арттырады. Өйткені 
модернизацияның әсерінен қарапайым адамдардың өмірлік құн- 
дылықтары, отбасы, гендерлік қарым-қатынас және қоғамның өзі өз- 
геріп жатыр. Ал консервативті және фундаменталистік діндарлар осы 
өзгерістерге қарсы тұруға жол іздейді (Emerson & Hartman, 2006). Қазір- 
гі эгалитарлы гендерлік қарым-қатынасқа, отбасылық құрылымға 
және әлеуметтік ережелерге байланысты батыстық үлгілерге қарсы 
болып, оларды қабылдамау фундаментализм үшін маңызды екендігі- 
не, тіпті фундаментализм түсінігі осы қарсылықтан тұратындыгына 
кейбір зерттеушілер ерекше мән береді (e.g., Marsden, 2006).
Сонымен қатар ғалымдардың тұжырымы бойынша, діни сенімге 
жұмсалатын ақша мен уақыт оның артықшылықтарынан асып түссе, 
діни сенім адамдар үшін рационалды таңдау болып қала береді. Он- 
дай артықшылықтарға тылсым оқиғаларды түсіндіру, табиғаттан тыс 
ғажайып марапаттарды уәде ету, пікірлес адамдардың ортасына кірігу
Фундаментализм - діни 
сенушілердің қасиетті кітаптары 
Құдайдың ақиқат сөзі деп, 
олардың дәстүрлі түсіндірілуін 
бұлжытпай қабылдайды және сол 
кітаптарда көрсетілген рәсімдер 
бойынша өмір сүру маңызды деп 
санайтын діни қозғалыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет