Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет397/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Секта дегеніміз -
ғибадатханалардың өздері 
жағымсыз деп тауып, түбегейлі 
бас тартқан кейбір қағидалар мен 
ғұрыптарды қалпына келтіруді 
жақтайтын діни ұйым.
I Амиш сектасының мүшелері қазіргі 
I өмірден алшақтағанымен, олар осы 
әлемді өздерінің тобының ұстанған 
бағытына қарай бейімдегісі келді.


356
12-ТАРАУ
найды. Джон Кальвин мен Мартин Лютердің реформация шіркеуі 
сияқты секталар дінді зайырлы бірлестіктерден арылтқысы келеді. 
Қазіргі заманда көптеген секталар гомосексуалистерді, ажырасуды, 
баланы алдыртуды немесе әйелдердің арсыздығын (ашық-шашық 
киінуі, шаштарын қысқаргуы) қабылдайтын либералдық құбылы- 
старға қарсы ұйымдасқан.
Кейбір секталардың қоғамдық нормалардан бас тартқандығы 
соншалық, секта мен одан анағұрлым ірі қоғам арасындағы қа- 
рым-қатынаста шиеленістер мен өшпенділік туындап жатады. Қы- 
тайда Фалуньгун (Ealun Gong) сектасының мүшелері үнемі түрмеге 
жабылады. Өйткені олар үкіметтің ресми коммунистік атеистік 
доктринасына қауіп төндіреді деп саналады. Ал АҚШ-та бұрында- 
ры Інжілде «Ешкімді өлтірме» деп айтылғанын алға тартып әскерге 
барудан бас тартқан амишалар түрмеге жабылатын болған.
Амиш шіркеуінің ерекшелігі - ол ғасырлар бойы қоршаған орта- 
дан бойын алшақ ұстады. Ал көптеген секталар, керісінше, ыдырап, 
уақыт өте келе қалыпты дінге ұңсап кетеді. Мысалы, Иса Мәсіхтің 
Соңғы Замандағы Әулиелері Шіркеуі (мормондардың) біршама уа- 
қыттан кейін одан да үлкен қоғамға кірігіп кетті (Arlington & Bitton, 
1992). Сонымен қоса көп әйел алушылықтан ресми түрде бас тартты, 
афроамерикалық ерлерге діни қызмет көрсете бастады және Юта 
штатындағы мемлекеттік шіркеудің оқшаулауынан шықты.
Бүл шіркеу және оның мүшелері әлі де өзге америкалықтардан 
ерекшеленетін діни және әлеуметтік көзқарастарды ұстанады. Бірақ 
қазір олар саяси, экономикалық және білім беру салаларына белсене 
араласып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет