Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Ғибадатхананыңқұрылымы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет396/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Ғибадатхананыңқұрылымы мен қызметі
Ғибадатханалар иерархиялық дәрежелері діни тұжырымдарды анық- 
тайтын ресми ұйғарымы бар ресми бюрократиялық қүрылым болып


БІЛІМ ЖӘНЕ ДІН
355
келеді. Көшбасшылық жұмысты арнайы мектепте білім алған дін 
қызметшісі, имам, раввин не министр атқарады. Діни қызмет ғасыр- 
лар бойы сақталып, еш өзгеріссіз қайталанатын рәсімдерден тұрады. 
Конгрегациялар (келушілер) көп жағдайда қатысушы емес, көрермен 
ретінде болады. Олардан тік тұру, отыру, ән айту ғана талап етіледі. 
Барлық рәсім келушілердің эмоционалдық өзара әрекеттесуімен емес, 
діни қызмегшілердің басқаруымен жүреді.
Әдетте адамдар белгілі бір дінді ұстанушы болып өмірге келеді, 
бірақ сол дінді өмір бойы ұстана бермеуі мүмкін. Адамдар дінін көп 
жағдайда өмірлік жағдайға байланысты ауыстырады. Діні басқа адам- 
мен отбасын құруы мүмкін, басқа діннің ғибадатханасы жақынырақ 
болуы немесе достарының басқа дінді ұстануы да себеп болады. Со- 
нымен қатар әлеуметтік мәртебесі жогарылаған сайын адамдар дінін 
ауыстыруы ықтимал. Мысалы, баптистер методиске айналады, ал ме- 
тодистер епископал бола алады (Sherkat & Ellison, 1999). Дінін ауысты- 
ратын адамдардың бастапқы діні әлсіз болады. Дегенмен олар айтар- 
лықтай өзгеріске ұшырамайды. Православты еврей - консервативті 
еврейге айналады. Ал кішкентай баптистік сектаның мүшелері келесі 
баптистік үйымға қосылады. Бірақ православты еврей де, баптист те 
римдік католицизмге ауыспайды (Stark & Einke, 2000).
Еибадатханалар әдетте үлкен болып келеді. Олардың жақсы жа- 
рақтандырылған нысандары, қаржылық қауіпсіздігі және негізінен, 
орта тап өкілдерінен мүшелері болады. Ғибадатханалардың көп бөлі- 
гі ауқымды қоғамда орналасқандықтан, Қасиетті жазбаларды қазіргі 
заманға лайықты етіп түсіндіреді. Осындай сипаттамаларға ие діндер 
негізгі ғибадатханалар болып саналады.
Секталар
Секта дегеніміз - заманауи қоғам мен діндердің өздері жағымсыз 
деп тауып, түбегейлі бас тартқан кейбір қағидалар мен ғұрыптарды 
қалпына келтіруді жақтайтын діни ұйым (Sherkat & Ellison 1999). Сек­
та мүшелері өздерін қоғаммен мәмілеге келе отырып, басқалар ұмыт 
қалдырған ақиқат сенімді ішінара қалпына келтірушілерміз деп са-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет