Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет491/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Әртүрлі үйымдар және әдістер
Әлеуметтік қозгалыс - бір мақсатты көздейтін ондаған, тіпті жүздеген 
топтар мен ұйымдардың өзара қатынасының нәтижесі. Мысалы, жа- 
нуарлардың құқыгын қорғауды мақсат ететін шамамен он шақты ӘҚҰ 
бар. Бүған Ұлттық Одюбон қоғамы мен Sierra Club (басқасымен қатар 
Конгресті қолдайтын) сияқты дәсгүрлі жергілікті топтардан бастап 
Жерді Азат ету Шебі (2008 жылы әлдекімдер маңайындағы жылғалар 
мен сулы қатпарларды ластайды деп ойлағандықтан сән-салтанатты 
кешенде орналасқан үш бос үйді өртеп жіберген) сияқты мейлінше ра- 
дикалды ұйымдарға дейін кіреді.
Қозғалыс аясындағы үйымдардың пікірлері бір жерден шықпай
қолдаушыларды тарту үшін өзара бәсекелесуі м үмкін. Түрлі ұйымдар-


440
15-ТАРАУ
Жұмылдыру немесе 
мобилизация - әлеуметтік 
қозғалысқа қажетті ресурстарды 
қолжетімді ететін процесс.
Қалыпты тецестіру -
қозғалыстар арқылы адамдарға 
олардың қызығушылықтары, 
құндылықтары мен сенімі ӘҚҰ- 
ның мүддесімен астарлас екеніп 
көрсетегін процесс.
дың жиыны болғандықтан, қозғалыстағы адамдардың мақсаты да, 
күресу әдістері де артүрлі болып келеді. ӘҚҰ-ның алуан түрлі болуы 
әлеуметтік қозғалыстың жұмыс істеуі үшін қажет.
ӘҚҰ екі түрлі әдіспен ұйымдастырылады: кәсіби жағынан бірле- 
седі және ерікті түрде үйымдар құрады. Бір жағынан, америкалық 
азаматтардың еркіндігі қоғамы (ААЕҚ) немесе Ұлттық атқыштар ас- 
социациясы (ҰАА) сияқты ұйымдар бар. Олардың кеңселері Колумбия 
округындағы Вашингтонда орналасқан және қызметкерлеріне жала- 
қы төленеді. Олардың кейбірі ұйымға қаражат тартатын кәсіби фанд- 
райзерлер болса, енді бірі - тек қаржылай пайда көргенде ғана мәселе- 
ге қызығушылық танытатын лоббиші агенттер. Ал, екінші жағынан, 
мүшелері ерікті түрде, жеке қызығушылықпен ұйымдасқан ӘҚҰ бар. 
Мысалы, көршілердің өз аудандарында атом электр станциясының 
салынуына қарсы шіркеу жертөлесінде ұйымдасуын айтуға болады. 
Негізіпде, ӘҚҰ үшін ұйымның қос әдісі де қажет. Кәсіби ӘҚҰ қорлардан, 
корпорациялар мен мемлекеттік мекемелерден қаражат жинау және 
орнықты қолдауды ұйымдастыру үшін пайдалы. Ал ерікті ұйымдар 
наразылықтың мәнін түсіндіріп, себептерін қоғамдық шерулер т.с.с. 
әрекеттер арқылы жария етуге қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет