Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет247/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

СТРАТИФИКАЦИЯ
213

Жақсыжұмысорындарынан 
I айырылу кедейліккеұшыраған 
америкалықтардың санын арттырды.
рінше, «кедейлік шегіндегілер» шын мәнінде «кедейлер» деп есептелуі 
тиіс, өйткені екі топ үшін де лайықты деңгейде өмір сүру қиынға соғады. 
Алайда кедейлік шегіндегі адамдардың жағдайы кедейлік деңгейінен де 
төмен табысқа өмір сүретіндерден өзгеше (Newman & Chen, 2008).
Жоқшылықты бастан кешкен кедейлермен салыстырғанда жағ- 
дайы кедейлікке жақын тұлғалар әдетте жақсы мектебі бар қауіпсіз 
(бірақ жақын маңдағы кедей аудандардан қауіп төнетін) аудандарда 
өмір сүреді. Тым кедейлерге қарағанда, кедейлікке жақындар толық 
күн (тіпті екі жүмыс орнында) жұмыс істейді, бастарында баспанасы 
бар және тамақтары да жеткілікті. Дегенмен олардың еңбекақысы 
жоғары емес, жеңілдіктер аз немесе мүлдем жоқ, еңбек қауіпсіздігі 
төмен (Newman & Chen, 2008). Олар көп ақша жинақтай алмайды. Ал 
жұмыстан шығарылса немесе ауруға байланысты бір апта жұмысқа 
шыға алмай қалса, шоттарын төлеу қиынға соғады. Медициналық 
сақтандыру аз немесе жоқ болғандықтан, дәрігерге бармас бұрын ұзақ 
және көп ойлануға мәжбүр. Тісін емдетуге жағдайлары келмегендік- 
тен, кейде тістерінен де айырылады. Үкімет оларды кедей деп сана- 
маса да, зерттеушілердің көпшілігі олар өмір сүрудіц жеткілікті дең- 
гейіне жете алмайды деген қорытынды жасайды.
Кедейлікке жақындар ағымдағы қаржы дағдарысының (Newman & 
Chen, 2008) ортасында қалды. Себебі кедейлік шегіндегілердің кейбірі та- 
бысы жоғары адамдармен бірге жұмыс істейді. Олардың қасында жүрген- 
де өздерін басқалармен салыстырады да, мүлде қамтамасыз етілмегенін 
түсінеді (5-бөлімде талқыланған). Әдетте бірнеше беделді банк немесе не- 
сиелік қызмет көрсететін мекемелер жақын орналасатыны мәлім. Соның 
нәтижесінде кедей америкалықтар соларға жүгініп, несие беру қызмет- 
герін пайдаланады немесе «өз пайдасын ғана ойлайтын» несиелендіру 
компанияларына душар болып, жоғары пайызбен несие алады, сөйтіп, 
ипотека брокерлерінің нысанасына айналады. Өкінішке қарай, кейде 
үйлерінен де айырылады (Newman & Chen, 2008).
Ж ұмысшы табы
Жұмысшы табының өкілдері кім? Бүл сұрақтың жауабы табыс дең- 
гейіне, әсіресе адамның мамандығына, біліміне, өзін-өзі тануына 
және өмір салтына қатысты анықталады. Жалпы алғанда, жүмысшы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет