Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет249/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

СТРАТИФИКАЦИЯ
215
жүмысшы табындағы отбасыларды бір сәтте-ақ кедейлікке ұшыра- 
туы ықтимал (Newman, 1999a).
Болашақтың бүлдырлығы мен экономикалық сенімсіздік салда- 
рынан жұмысшы табының мүшелері басқаларға қарағанда қауіпсіз- 
дікті жоғары бағалайды. Әдетте орташа және жоғарғы тап өкілдері 
өздерінің еркіндігі мен басқару мүмкіндігін ескеріп, жұмысты таң- 
дайтын болса жұмысшы табындағы адамдар өз таңдауын сенімсіздік, 
күмән және қорқыныш арқылы жасайды (Schwartz, Markus & Snibbe, 
2006). Мысалы, орта таптағы америкалықтар рок-музыканы және 
жеке еркіндікті көтеретін әндерді ұнатса, жүмысшы табындагы аме- 
рикалықтар көбіне «таңдау жасау қауіпті» деп ескертетін кантри му- 
зыкасын (Джордж Джонс: «Мен өзім жасаған таңдауларыммен бірге 
өмір сүріп, өлемін») тыңдайды. Адамдардың жеке музыкалық талға- 
мы мен олардың әлеуметтік таптық байланысы әрі қарай «БАҚ және 
мәдениет: Музыка мен әлеуметтік таптар арасындағы байланыс» та- 
рауында қарастырылады.
Орта тап
Орта тап үлкен және түрлі топтардан тұрады және шамамен халықтың 
30-40%-ын құрайды. Орта топтағы көпшіліктің жоғары білімі немесе 
орта кәсіптік білімі болғанымен, еңбекақысы жұмысшы тап өкілдері- 
нің ақысынан төмен болуы мүмкін. Шкаланың қарама-қарсы жағында 
кейбіреулер жылына $200 000-нан астам табыс табады, сөйтіп, америка- 
лықтардың ең бай 5%-ының қатарына кіреді (АҚШ Санақ бюросы, 2011). 
Алайда бүлар әлі де орта тапқа жатады деп саналады. Ал егер отбасы мү- 
шесі бірнеше ай жұмысқа шыға алмаса, ипотекалық төлемге байланыс- 
ты жағдайы қиындайды. Сонымен олардың ағымдағы табысы жогары 
болса да, байлығы - инвестициялары, жинақтаған қоры және акгивтері 
оңай сатылса да, қарыздарынан құтыла алмайды.
Орта тап мүшелерінің табысы жоғары немесе томен болғанына 
қарамастан, олар жұмыс орнының қауіпсіздігіне баса назар аудара- 
ды және жұмысшы табына қарағанда қызметте өсуге мүмкіндіктері 
көбірек болады. Орта тапқа жататын қызметкерлер әдетте медици- 
налық сақтандыру және науқастануға байланысты демалыс секілді 
маңызды жеңілдіктермен қамтамасыз етілген. Бірақ ондай жеңілдік- 
тер саны соңғы 20 жылда азайып кетті.
Орта таптың мәдениеті жоғарғы таппен жұмысшы табы мәдениеті- 
нен ерекше. Жұмысшы табындағы адамдармен салысгырғанда, орта тап- 
тағы адамдар үйлерін діни иконалармен толтырмайды немесе боулинг 
командасының мүшесі болмайды, олар білімді және жыныстар арасын- 
дағы тең құқықтылықты бағалайды. Ал жоғары таптағы адамдармен 
салыстырғанда үйлерін заманауи өнер туындыларымен безендірмейді, 
гольф лигаларына мүше болмайды (Halle, 1993). Сонымен қатар жұмысшы 
табындагы ата-ана балаларынан айтқандарына бағынуды және оңаша кө- 
ңіл көтеруін күтсе, орта таптағы ата-аналар балаларымен бірге көңіл коте- 
pin, өздеріне бағынудың маңыздылығын түсіндіреді (Lareau, 2003).
Жоғарғы тап
Жоғарғы тап халықтың шамамен 1%-ын құрайтын екі топтан тұрады. 
Біріншісі - отбасыларының табысы мен мәртебесі ұрпақтан-ұрпаққа 
беріліп келген адамдар. Бүл адамдар Жаңа Англиядағы кішігірім 
Andover, Exeter және Choate сияқты дайындық мектептерінде оқыған 
(Higley, 1995). Бұл мектептердің көптеген түлектері Гарвард, Йель және




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет