Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет383/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

БІЛІМ ЖӘНЕ ДІН
341
Мұғалімнің қате түсінігінің кесірінен кейбір оқушылар жетістікке 
жете алмай қалуы және мүмкіндіктерінің шектелуі ықтимал. Осы- 
лайша, қыздарға есептеу амалдары, үлдарға (афроамерикалық неме- 
се «ақ») ас дайындау үйретілмейді. Ал жұмысшы таптың балаларына 
(ұл болсын, қыз болсын, ақ не қара болсын мейлі) физиканы емес, ас- 
паздықты немесе автомеханиканы таңдауға кеңес береді. Бүл процесс 
жағдайы жоқ оқушыны жетістікке жетуден алшақтатуға көмектеседі.
Америка білім беру
саласындағы қазіргі
қайшылықтар
Соңғы жылдары АҚШ-тағы білім сапасын жақсарту және жаьандан- 
ған еңбек нарығында жас америкалықтарды бәсекелестікке төтеп бе- 
руге қажетті құралдармен қамтамасыз ету жөнінде түрлі үсыныстар 
пайда болды. Олар - бақылау, аса маңызды тестілеу және мектеп таң- 
дау сияқты кең таралған үш үсыныс.
Бақылау
Бақылау - баланың оқу бағдарламасын меңгергенін немесе әлі де тү- 
сінуі қажег тұстары барын ертерек анықтау үшін білімін бағалау. 
Оқушылар бірінші сыныпқа келген кезде қабілеттеріне қарай оқу 
топтарына бөлінеді. Бастауыш мектепті бітірген соң кейбір оқушылар 
колледждің дайындық курсына, енді бірі жалпы білім беру бағдарлама- 
сына (кейде кәсіби білім деп те аталады), ал қалған бөлігі түзету сынып- 
тарына немесе «арнайы білім» багдарламаларына жолданады. Барлық 
кезеңде шын қабілет ескерілмейді, аз үлт өкілдері мен тұрмысы нашар 
оқушылар көп жағдайда төмен деңгейдегі курстарға жіберіледі. (Sacks, 
2007; Bettie, 2003; Kao & Thompson, 2003; Harry & Klingner, 2005).
Бақылау талантты оқушыларға да, қабілеті томен оқушылар- 
ға да пайдалы болуы керек; оқушылар деңгейіне қарай сыныптарға 
бөлінген кезде топтардың бәрі де жылдамырақ оқуы және оларға мү- 
ғалімдер тарапынан тиісті көңіл бөлінуі қажет. Сынып оқушылары 
бір деңгейде болғандықтан оқу процесі бірқалыпты және тиімді өтуі 
тиіс. Кей жағдайда, расымен, осылай болып жатады. Дегенмен көпте- 
ген зерттеулердің көрсетуінше, қабілетті оқушыларға көмек көбірек 
көрсетіледі, қабілетсіз оқушылар сыныбына ауысқан балаға бұл ауыр 
тиеді (Kao & Thompson, 2003).
Тұрмысы нашар отбасы балаларының білім деңгейі томен болу се- 
бебі- оларды оқытуға көп көңіл бөлінбейді. Оларға материал аз түсін- 
діріледі, үй тапсырмасы аз беріледі, жалпылай келгенде, білім алуға 
бірдей мүмкіндік берілмейді. Мұғалімдер томен білімді оқушылар, 
келешек мансабында жетістікке жете алмайды деп ойлайды, көбінесе 
солай болады, бұл - элиталық сабақтастық (Sacks 2007).
Бейресми процестер де осылай ықпал етеді. Мысалы, жоғары 
деңгейлі сынып оқушыларының академиялық жетістіктері мен қа- 
білетіне сенімі күшті болып келеді. Нәтижесінде, олар мектепте жиі 
марапатталады, мектепке күнделікті барады, мүғалімдермен бірлесіп 
әрекет етеді және талпынысы жоғары болады. Томен деңгейлі сынып- 
тардағы оқушыларда жағдай, керісінше. Олар оқуға жүмсаған күш-жі- 
гері үшін аз марапат алады, ата-аналары да, мүғалімдер де оларға
Бақылау - баланың оқу 
бағдарламасын меңгергенін немесе 
әлі де түсінуі қажет тұстары барын 
ертерек анықтау үшін бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет