Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет44/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
35
Әлеуметтанудың пайда болуы
Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және 
интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда 
болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым ал- 
мастыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мүндай текетірестіц айқын 
көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды кө- 
теріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті.
Қантөгіс болмаса да индустриалдық революция одан да қатты 
эсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала 
қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылы- 
ғы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолдары 
мен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты. Осы түста 
бұрынғы миллиондаған шаруа мен жүмысшы қарқынды дамып келе 
жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.
Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүние- 
ге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары мен 
Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сон- 
дай-ақ бүл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды. 
Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп 
үміт күтті. Электр, телеграф және рентген ойлап табылғаннан кейін 
ғалымдар қылмысты, кедейлікті немесе соғысты қалай жоюға бола- 
тынын білмейді деп кім айта алады? Жұртшылық жылдам өзгеріп 
жатқан қоғамды түсінуге және басқаруға эмпирикалық зер гтеулердің 
құралдары көмектеседі деп үміттенді.
Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт,
Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер
XIX ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым 
ретінде дамуына себеп болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп 
саналатын бес ғалымның - Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, 
Эмиль Дюркгейм жэне Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық.
Огюст Конт (1798-1857)
Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы 
Огюст Конт болды (Ритзер, 2003). Ол осы саланың негізін салушы 
болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгіз- 
ген де осы ғалым.
Конт - әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды 
ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған пози­
тивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей 
ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіз- 
деді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың 
заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара 
алады. Алайда молекулярлық мінез-құлықты болжай алатыны- 
мыздай, адам мінез-құлқын дәл болжай алатынымызға сенетін ға- 
лымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс әлеуметтанудың негіз- 
гі ұғымы болып қала береді.
Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі - қоғамды түсіну үшін 
әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қа- 
жет екенін дәлелдеуі. Әлеуметтік қүрылым (тәртіп) және әлеумет- 
тік процесс (өзгерістер) ұғымдарының аясында бұл проблемалар 
әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді.
Огюст Конт (1798-1857)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет