Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет463/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Саяси жауаптар
Кедейлікке әкелетін факторлар көп болғанымен, әлем көшбасшыла- 
рының барлығы дерлік бұл мәселеде туу коэффицентін төмендетудің 
маңызы зор деп санайды. Туу коэффицентін түсіруге бағытталған ең 
сәтті бағдарламалар отбасын жоспарлау, экономика мен білім беруді 
дамыту және әйелдің мәртебесін көтеру сияқты мәселелерді бір ар- 
наға тоғыстырады (Poston, 2000).


412
14-ТА РАУ
І
А у ға н с т а н с и я қ т ы ке д е й е л д е р д е б іл ім
бе ру ж ә н е ж у м ы с п е н қ а м т у д ы , ә с ір е с е
қ ы з -к е л ін ш е к т е р ү ш ін к ү ш е й т іп , о т б а с ы н
ж о с п а р л а у б а ғд а р л а м а с ы н ке ш е н д і 
ж ү р г із г е н к е з д е бал а т у у к ө р с е т к іш ін
т ө м е н д е т у ге қ о л ж е т к із іл д і.
ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Бұл бағдарламалар бала са- 
нын шектегісі келетін адамдар үшін заманауи контрацептивтер мен 
үрықсыздандыру шаралары қолжетімді әрі қолайлы болуын қамта- 
масыз ету мақсатында жасақталған. Мысалы, 1975-1991 жылдар ара- 
лығында отбасын қатаң жоспарлау бағдарламасы аясында Бангладеш- 
те жүктіліктен сақтандыру құралдарын қолдану 500 пайызға артып, 
бас-аяғы 16 жылдың ішінде әр әйелге шаққандағы туу көрсеткіші 
7-ден 5 балаға төмендеді (Kalish, 1994).
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ ДАМУЫ. Әлемдік тәжіри- 
бе көрсеткендей, білім беру сапасы артқан сайын туу көрсеткіші 
төмендеп, ел экономикасы алға басады. Мысалы, Оңтүстік Кореяның 
экономикалық дамуына байланысты әр әйелге шаққандағы туу коэф- 
фиценті күрт төмендеген. 1960 жылы 6,0 болса, қазіргі көрсеткіш - 1,2 
(Population Reference Bureau, 2011a).
ӘЙЕЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ. Әйелдің мәртебесі томен елдерде олар 
тек өздерінің әлеуметтік бағасын көтеріп, көп бала әсіресе ұл туу арқы- 
лы алаңсыз қарттығын қамтамасыз ете алады. Ал әйел тереңірек білім 
алып, аз да болсын өз бетімен табыс таба алған кезде отбасында ай- 
тарлықтай билікке ие болады. Сөйтіп, кешірек тұрмыс құрып, аз бала 
туады. Сонымен қатар қыздарын бесіктен белі шықпай жатып күйеуге 
шығудан қорғай алады. Сондықтан білім беруді нығайтып, экономика- 
да зор мүмкіндіктер ашып, әйел құқығын қорғауға барынша күш сал- 
ған Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты елдер отбасын жоспарлауда 
ең үздік деп танылды (United Nations Population Fund, 2000).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет