Тең топ -жас мөлшері шамалас мүшелерден құралады.
Теория - кеңірек децгейде байқалған үлгілерді түсін-
діретін идеялар жиынтығы.
Терроризм (лаңкестік) - саяси-әлеуметтік себептерге
байланысты адамдарға қасақана жасалатын зор-
лық-зомбылық.
Технологиялық императив - жаңа технология қол-
жетімді болған кезде оны қолданбау мүмкін емес
деген тұжырымға келу.
Технология - құралдар жасау және табиғи ресурстар
ды қолдану үшін адам білімін қолдану.
Тіл - ауызша, қолмен ымдау белгілерімен немесе жаз-
баша нышандармен сөйлесу қабілеті.
Тоғысқан отбасы - балалары бірнеше үйдің арасында
өмір сүретін отбасы.
Ton - өзара әрекеттесетін және өзара тәуелділікті мо-
йындайтын екі немесе одан да көп адамға ортақ
әлеуметтік құрылым.
Топтық сана сыни ойлауды шектеп, өзара келісу-
ге итермелейтін ықпал бар кезде пайда болады.
Бұл - пікірталастық сыни ойлауды тоқтата ала-
тын күш.
Төмендеуші ассимиляция - иммигранттардың ұр-
пақтарыныц негізгі топқа емес, АҚШ-та туған аз-
шыл топтардың «жасырын» әлеміне сіңу процесі.
Трансгендерлік тұлғалар - жынысы және жыныс-
тық бірегейлігі нақты емес, өзін нақты «ер-
кекпін» немесе «әйелмін» деп айта алмайтын
адамдар. Олардың кейбіреулері - гермафродиттер,
енді біреулері - транссексуалдар.
Трансүлттық корпорациялар - тауарларды халық-
аралық деңгейде өндіретін және сататын ірі кор
порациялар.
Тренд - айнымалы шаманың уақыт өте өзгеруі.
Триада - үш мүшеден тұрагын топ.
Туу
көрсеткіші - белгілі бір уақыт ішінде әрбір
1000 адамға шаққандағы туу саны.
Туу
коэфиценті - белгілі бір уақыт ішінде әрбір
1000 әйелге шаққандағы туу саны.
Түске қатыссыз нәсілшілдік барлық нәсілдер бірдей
қүрылды, нәсілдік теңдікке қазіргі кезде қол жет-
кізілді деген сенімге негізделген, сондықтан та-
бысқа жете алмайтын кез келген аз топтыц өкіл-
дері өздері кінәлі деп санайды.