Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет105/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   870
Айнымалы шамаларды анықтау

Ерекшелікті  сипаттап,  гипотезаны  тексеру  үшін  әрбір  айнымалы 

шама дәл анықталуы тиіс.  Мысалы, нәсілдер арасындағы жүмыссыз- 

дық деңгейінің айырмашылықтарын сипаттамас бұрын адамның жұ- 

мыссыз екеніне көз жеткізіп алуымыз керек. Айнымалы мәнді қалай 

өлшеуге болатынын анықтау процесі операцияландыру деп аталады

ал  айнымалы  мәнді  пайдалану  үшін  қолданылатын  нақты  анықта- 

ма  оның  операциялық  анықтамасы  болып  табылады.  Осы  анықта- 

малар туралы ортақ бір тоқтамға келу қиын болуы мүмкін.  Мысалы, 

АҚШ  үкіметі  белсенді  түрде  жұмыс  іздеп,  бірақ  таба  алмай  жүрген 

адамдарды «жұмыссыз» деп атайды. Ал жұмыс іздеуден шаршап, оны

Гипотеза -  теорияның 

дүрыстығына көз жеткізген кезде 

жасалатын қарым-қатынас туралы 

тұжырым.

Айнымалы шамалар - адамдар 

я топтар арасында әркелкі 

болып келетін, өлшеуге болатын 

сипаттар.

Тәуелді айнымалы шама - себеп- 

салдарлық қатынастың салдар 

тарабы. Тәуелсіз айнымалы 

шаманың әрекеттеріне тәуелді 

болады.


Операцияландыру - айнымалы 

шаманы өлшеудің әдістерін 

анықтау процесі.

Операциялық анықтама - 

айнымалы шаманы өлшеудің 

жолдарын сипаттайтын нақты 

іс-амал.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет