Екінші қадам: негіз әзірлеу
Дерекжинауды бастамас бұрын, алдымен, айнымалы шамаларды гаң-
дап, шарттарды анықтап, қай адамдарды (немесе нысандарды) зерт-
тейтінімізді нақтылауымыз керек.
Айнымалы шамаларды түсіну
Проблеманың ауқымын зерттей алатындай етіп тарылту үшін ғалым-
дар адамдарға емес, айнымалы шамаларга зер салады. Айнымалы
шамалар адамдар, жағдайлар я топтар арасында әркелкі болып келеді
(Бабби, 2010). Егер афроамерикалықтар мен ақ нәсілділер арасындағы
жұмыссыздық деңгейін талдағымыз келсе, нәсіл және жұмыссыздық
деген екі айнымалы шама туралы ақпарат жинауымыз керек.
Бүл айнымалы екі шаманың себеп-салдарлық байланысына бол-
жам жасаған кезде, себеп - тәуелсіз айны малы шама, ал салдар - тә-
уелді айнымалы шама болады. Біздің мысалда: нәсіл - тәуелсіз ай
нымалы шама, ал жұмыссыздық - тәуелді айнымалы шама, яғни біз
жұмыссыздықтың нәсілге тәуелді екенін болжаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |