Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет119/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   870
ҚОҒАМ  ТУ РАЛ Ы  ІЛІМ

55

қа қатысушылардың іс-әрекеттерін қадағалай алады. Ақыл-ой және 



тәжірибе  критерийлеріне  сүйене  отырып,  бұл  әдістердің  қайсысын 

таңдауды өзі шешеді. Мысалы, студенттер қалашығында алкогольді 

ішімдік  ішетіндерді  зерттейтін  бақылаушыға  әр  түн  сайын  ішудің 

қажегі жоқ.  Мұның  орнына  ол ішетіндермен де, ішпейтіндермен де 

үзақ, бейресми сұхбат жүргізеді, студенттік кештер мен іс-шараларға 

қатысады  және  әртүрлі  студенттік  субмәдениеттерде  спиртті  ішім- 

діктің атқаратын рөлін анықтап, оларды түсінуге тырысады.

Қатыса  отырып  бақылау  әдісі  қалыпты  әлеуметтік  ережелерді 

бұзатын мінез-құлықты  зерттеу үшін пайдалы.  Мысалы,  сауалнама 

кезінде студенттер ұйымының мүшесінен ес-түсінен айырылып мае 

болуы  қаншалықты  жиі  кездесетінін  сұрасаң  шын  жауап  бермеуі 

мүмкін, тіпті есінде ештеңе қалмауы да ықтимал. Ал егер біз кампус- 

тағы студенттер ұйымдарының кештерін бақыласақ, студенттердің 

қаншалықты жиі мае болатынын өз көзімізбен көрер едік.

Көбіне  қалыптан  тыс  топтар  туралы  ақпарат  алудың  жалғыз 

жолы  -  қатыса  отырып  бақылау  әдісі  болып  шығады.  Егер  біз  кол­

ледж студенттерінің  ішімдік ішуін  зерттегіміз  келсе  сауалнамалар- 

ды  хат  арқылы  жіберіп,  әйтеуір  кейбіреулері  жауап  берер  деп  үміт- 

тенеміз. Ал үйсіз маскүнемдерден қалай сауалнама аламыз? Оларды 

тапсақ та жауап берер ме екен? Осы себепті жалаңаш бишілер, заңсыз 

есірткі  түтынушылар,  америкалық  көп  әйел  алушылар  (полигамис- 

тер)  тәрізді  топтар  туралы  ақпарат  алудың  жалғыз  жолы  -   қатыса 

отырып бақылау әдісі болып табылады.

Қатыса  отырып  бақылау  әдісінің  басты  кемшілігі  -   әдетте  бұл 

аз ғана  адамға негізделеді және ол адамдар кездейсоқ таңдалмайды. 

Деректер жүйелі емес, үлгілерді бір топтардың өкілдерінен таңдауға 

мүмкіндік жоқ. Соған қарамастан, өзіміз бақылаған адамдар туралы 

көп нәрсе біле аламыз. Бұл ақпарат басқа техникалардың көмегімен 

жүйелі түрде  зерттеуге  болатын  идеяларды  қалыптастыруға  көмек- 

теседі.  Осы  себепті  ғалымдар  зерттеудің  алғашқы  қадамы  ретінде 

бұл әдісті жиі пайдаланады.

Қатыса  отырып  бақылау  әдісінің тағы  бір  кемшілігі  -   бақылау 

мен  нәтижені  жалпылау  бір  зерттеушінің  түсіндіруіне  негізделе- 

ді.  Зерттеушілер  робот  емес,  сондықтан  олардың  қорытындылары



Заңсыз есірткі қабылдаутәрізді 

I   қоғамғажатқылықтарды 

зерттеудіңбірден-бір оңтайлы тәсілі -  

қатысушыларды бақылау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет