Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет197/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   870
Қ ы здарды ң   ш аш ы

 -  


қ ы з д а р д ы ң   д а р а л ы г ы

 атты бөлімді қараңыз).  Әлеу- 

меттенудің  агенттері  кейінгі  тарауларда  толығырақ  талқыланады. 

Бұл  тарауда  әлеуметтенудің  агенттері  әлеуметтік  қүрылымдарды 

оқытудың маңыздылығын айқындау үшін ұсынылды.

Отбасы

Әлеуметтенудің  ең  маңызды  агенті  -   отбасы.  Қараусыз  қалған  бала- 

лардың қайғылы  оқиғалары мен маймылдарға жасалған тәжірибелер 

соның дәлелі. Баланың отбасында мейірімге бөленуі мен тәрбие көруі 

оның ой-сана  (когнитивті),  эмоциялық және  физикалық тұрғыдан қа- 

лыпты  дамуы  үшін  өте  маңызды.  Сонымен  қатар  адамның  алғашқы 

ұстазы -  отбасы мүшелері, яғни ата-анасы, кей жағдайда ата-әжесі, өгей 

ата-анасы  немесе  басқа  адамдар.  Олардан  бала  аяқкиімнің бауын бай- 

лауды,  қалам ұстауды  ғана үйренбейді, сонымен  бірге  өмір  сүру үшін 

аса қажет жайттарды -  мақсат қоя білуді, сенім білдіруді т.б. үйренеді.

Жаңа  туған  нәрестенің  физикалық  қажеттіліктерін  қанағаттан- 

дыратын  іс-шаралар  әлеуметтік  өзара  әрекеттесудің  негізін  қалай- 

ды.  Мәселен,  баланы  тамақтандыру  мен  оның  жаялығын  ауыстыру 

кезінде  анасы  оны  қүшақтайды,  күлімсірейді,  сөйлеседі.  Бұл  тәрбие- 

леу шаралары аса маңызды, себебі бұлар болмаған жағдайда баланың 

әлеуметтік, эмоциялық және физикалық өсуі тежеледі (Handel, Cahill 

& Elkin, 2007; Blum, 2002; Rutter et al., 1999).

Бала қоғамның толық мүшесі болмай тұрып өзінің қалыпты дам- 

уына қосымша көп нәрсе үйренуі тиіс. Ерте жастан білім алудың көп 

бөлігі күнделікті өзара әрекетке түсу нәтижесінде жүзеге асады: бала 

сөйлесуді,  қарым-қатынас  жасауды,  үйде  ойнауды  және  басқалар- 

мен  танысуды  үйренеді  (Handel,  Cahill,  Elkin,  2007).  Бала  өскен  кезде 

оқыту тікелей жүреді де ата-анасы негізгі дағдыларды үйретуге және 

баланы отбасынан тыс өмірге дайындауға тырысады. Алайда әр отба-

Әлеуметтену агенттері - 

әлеуметтік нормаларды үйрететін 

тұлғалар, топтар және БАҚ.



100



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет