Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


« м е н »   және  « м е н і »



Pdf көрінісі
бет194/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   870
« м е н »

  және 


« м е н і »

 деп  аталатын  екі ком- 

поненттен  тұрады деп  есептеді.  Ағылшын  гілінің  грамматикасына 

сәйкес  біз  бірдеңе  жасасақ,  онда 



м е н

  сөзін  қолданамыз,  біреу  бізге 

бірдеңе жасағанда («Мен анамды тыңдамадым, сосын ол 

м е н і

 жазала- 

ды») 

м е н і

  сөзін қолданамыз.  Сол  себепті Мид 



м е н

  сөзі  «өзім»  ұғымы- 

ның  өздігінен  болатын  бөлігін,  жасампаз  бөлігін  білдіреді,  ал 

м е н і  

сөзі өзгелердің пайымдауын растайтын өзгелік бөлікті білдіреді деп 

сипаттайды.

Мид қоғамда әрекет етуді және 



« м е н н ің »

 қалауы мен 



« м е н і »

 деген 


қоғамдық сананы таразылап теңгеруді рөлді қабылдау арқылы үйре- 

неміз деп сенді. Рөлді қабылдау дегеніміз -  әлемді түсінуде өзгелердің 

маңыздылығын  және  біртіндеп  өзге  пікірлерді  қабылдауды  үйрену 

процесі.


Мидтің  айтуынша,  рөлді  қабылдау  бала  кезде,  отбасының  құ- 

қықтары  мен  міндеттерін  білу  керек  болғанда  басталады.  Баласы 

ретінде  бізден не күтетінін түсіну үшін  әке мен  ананың көзқарасын 

білуіміз  керек.  Біз  өзімізді  ата-анамыздың  көзқарасы  арқылы  көру- 

ді  және  солардың  пікірі  бойынша  мінез-құлқымызды  бағалауды  үй- 

ренуіміз  тиіс.  Олардың  ой-пікірлері  мен  өзіміздің  қалауымызды  біл- 

ген кезде өз міндеттерімізді түсіне аламыз.

Мид балалар  қоғамда  қалай  әрекет ету керектігін  ойын  арқылы 

дамытатынын  айтады.  Үйде  анасы  тамақ  пісіріп,  әкесі  жөндеу  жү- 

мыстарын  жасап  жүрсе  қыз  ойыншық  пешпен,  үл  ойыншық  балға- 

мен ойнауды қалыпты деп есептейді. Ата-анасы жалғызбасты немесе 

ата-аналары күні бойы жұмыста журетін балалар ойыншық машина- 

ның ішіне ойыншық портфель немесе басқа да ойыншық аспаптарды 

салып жүруді ұнатуы мүмкін.

Бұл дегеніміз -  балалардың ойыны көбінесе олар үшін маңызды 

адамдардың мінез-құлқына негізделеді деген сөз. Мысалы, ата-анасы 

мен  бауырлары  балалардың өзін-өзі  бағалауына  қатты  эсер  етеді.  Ба­

лалар өскен соң отбасынан тыс басқа адамдармен көбірек араласқанда,

Рөлді қабылдау - әлемді түсінуде 

өзгелердің қаншалықты маңызды 

екенін және біртіндеп өзгелердің 

пікірлерін қабылдауды үйрену 

процесі.

Маңызды түлғалар - тыгыз 

қарым-қатынаста болатын жеке 

тұлғалар.

7-251





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет