Өмір жолындағы әлеуметтену
Әлеуметтену агенттері туралы бөлімде айтылғандай, әлеуметтену
өмір бойы жалғасады: бала кезден басталып, ересек кезімізді толық
қамтып, тіпті кәрілікке дейін созылады.
Балалық шақ
Балалардың ерте жастан әлеуметтенуі алғашқы әлеуметтену деп
аталады. Алғашқы деп аталуы екі нәрсеге байланысты: адамның
түлға ретінде қалыптасуы осыдан басталады және кейінгі дамуы
үшін бұл өте маңызды. Осы кезеңде балалар жеке қасиеттері мен
өзін-өзі бағалауын дамытады: моторикасын, ақыл-ой қабілетін
және тілдік дағдыларын қалыптастырады; өз қоғамында қолайлы
деп санайтын құндылықтар мен мінез-құлықтарды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |