4 -ТА РА У
Case Study: әсерді басқару және
үйсіз балалар
Әсерді басқаруды түсінудің ең жақсы тәсілдерінің бірі - мәртебесі өте
төмен, Гоффмин (1961) «болмысы бұзылғандар» деп атаған адамдар-
дың бет-әлпетіне көз салу. Бұлардың қатарына кісі зорлағандар, сат-
қындар, жарадан бет-аузы бүжырланған адамдар жатады. Болмысы
бүлінген адамдар қадір-қасиетін қалай сақтайды? Басқалардың бага-
лауына қаншалық эсер етеді?
Сан-Францискода қаңғыбас балалар арасында жүргізілген зерт-
теу осы жалғыз сұраққа жауап іздеді. Энн Рошель есімді ғалым қаңғы-
бас балаларды апарып тастайтын орталықтарда ерікті ретінде жұмыс
істеп, төрт жыл бойы олардың іс-әрекеттерін бақылап, әңгімелерін
тыңдаған, балалармен ресми және бейресми жағдайда сөйлескен
(Roschelle & Kaufmann, 2004).
Рошель сөйлескен балалар өздерінің бұзылған болмыстары ту-
ралы жақсы білетін болып шықты. Олар жергілікті басылымдар-
дың «қаңғыбас балалар» мәселесін жиі көтеріп тұратынынан да,
саясаткерлердің «қаланы қаңғыбастардан тазартамын» деп уәде бе-
ріп, дауыс жинайтынынан да хабардар екен. Балалардың бірі: «Бізді
жүрттың бәрі жек көреді, себебі қаңғыбастар қоғамды кері тартады.
Егер бұл ел шынымен керемет болса, мүнда біз сияқты балалар бол-
мас еді», - деп жауап берген (Roschelle & Kaufmann, 2004, 30). Сонда бүл
балалар қадір-қасиетін қалай сақтайды, басқалардың өздері туралы
көзқарасына қалай эсер етуге тырысады?
Рошель мен оның әріптесі, екінші автор Питер Кауфман балалар-
дың бейімделу және қарсы түру сияқты екі стратегияны қолданаты-
нын аңғарады. Бейімделу түрлі формада журуі мүмкін. Балалар өзде-
рінің адам ретінде қадірі бар екенін сезіну үшін еріктілермен және
I
Өзгелер сияқты, панасызжастар
I дабасқалардыңәсерінбасқаруға
тырысады. Мына жігіт сүйкімді ит тауып
алып, оған қамқорлық көрсету арқылы
басқаларды да оны жақсы көруге
шақырады.
|