ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
159
I
McDonald's сияқты бюрократиялар
иерархиялық (жоғарыдан төмен)
бақылауға, қызметкерлердің
арасындағы нақты еңбек бөлінісіне
және әр қызметкердің өз жумысын
қалай атқаруы керектігі туралы қатаң
ережелерге негізделеді.
туіне әкеп соқтырады. Осылайша, «Макдональдс» сияқты бизнес-ком-
паниялар пайда табудың тиімді әдістеріне негізделген шешімдер қа-
былдайды. Бірақ олар бизнес шешімдерінің қоршаған ортаға немесе
тутынушылар мен жұмысшылардың өмір сапасына әсерін есепке
алмайды. Ұлттық деңгейдегі бизнес жергілікті бизнестерді ығысты-
рып жатқан тұста дүкендер мен дәмханалар ұсынатын болжамдылық
өлемге көп қызығы жоқ қарапайым тамақтану орындарын ұсынады.
«Макдональдтанған» ұйымдардағы бақылау түрі адами қасиет-
терінен де айырылып бара жатыр. Егер сіз тез тамақтану дәмхана-
сында жұмыс істеген болсаңыз, онда мұны басыңыздан өткерген бо-
ларсыз. Яғни тіпті қатаң бақыланатын ұйымдарда жұмыс істейтін
қызметкерлердің өздері үжымдағы тәртіпке наразылық білдірудің
айласын табады (Wharton, 2009). Мысалы, «Макдональдс» кассирлері
клиенттерге міндеттелген сәлемдесуді айтып тұрып көздерін ақшит-
уы мүмкін немесе кейбірі жаттанды сәлемдесу мәтіндеріне басқа
сөздер қосып, сол арқылы тұтынушымен арадағы диалогті адами қа-
рым-қатынасқа бейімдеуі ықтимал (Leidner, 1993).
Достарыңызбен бөлісу: |