Бұл бізге не береді?
Адамдар - әлеуметтік тіршілік иесі. Біз қарым-қатынастарда, топтар-
да, желілерде және бізге үнаса да, ұнамаса да үлкен кешенді ұйым-
дарда күнделікті тірлігімізді жасап жатырмыз. Осындай адами бай-
ланыстар болмаса өмір сүре алмаймыз және өркендей алмаймыз.
Топтар, тораптар және ұйымдар бізге тамақ, киім, жұмыс, баспана,
қарым-қатынас, махаббат сияқты өмірдің өзегі саналатын нәрселерді
табуға көмектеседі. Олар, сондай-ақ бізге отбасында бала тәрбиелеу,
ерікті қауымдастықтар арқылы жақсы қоғам қалыптастыру, мектеп-
тен бастап үлкен корпорацияларға дейін күрделі ұйымдарда табысқа
ұмтылу және т.б. сияқты өмірде өз ізімізді қалдыруға мүмкіндік бе-
реді. Дегенмен басқалармен жұмыс істеудің қатері де бар. Себебі ақпа-
рат алмасу мен серіктестік бәсекеге және шиеленіске әкелуі мүмкін.
Ал топтар біздің идеяларымыз бен мінез-құлқымызға өзімізге бай-
қатпастан эсер етеді. Топтар, тораптар мен ұйымдар туралы әлеумет-
тік түсінік бізге осы әсерлерді түсінуге, олардың алдын алуға және
қажег болған жағдайда қарсы күресуге көмектесе алады.
|