қоғамдық бақылаудан қорыққаннан айылыңызды жиясыз. Мүнда
айыппүл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты әкімшілік
жазалар қолданылуы мүмкін. Мектептегі киіну тәртібін бұзған адам
мектептен шығарылады, дінбасының айгқанына мойынсұнбаған
адам діннен аласталады, ал дүкен тонаған адам түрмеге қамалады.
Әлеуметтік бақылау емтиханда көшіруден бастап кісі өлтіруге
дейінгі аралықта, негізінен, өзін-өзі бақылау мен бейресми қоғам-
дық бақылауға негізделеді. Жеке адамдар мен топтың құндылықта-
рына қайшы келетін әрекеттің алдын алуға қауқары жететін мекеме
кемде-кем. Мәселен, көп елде жыныстық азғындыққа бару заңсыз
болып саналады және заң бойынша ондай адамдар қамауға алынады
не айыппұл арқалайды. Полиция оны түп-тамырымен жоюға қанша
тырысқанымен, жоя алмайды. Бүгінде жыныстық азғындықпен ай-
налысуды ұят деп санайтындар азайып барады, кинофильмдер мен
кітаптарда ондай азғындық төсек қатынасының қалыпты бір бөлігі
|