Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет313/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   870
6-ТА РАУ

Конформизм жэне 

девианттылық

Әлемдегі  әрбір  мәдениет  нормалар  мен  құндылықтар  жиынтыгын 

ұсынады және  әрбір қоғам сол мәдениетке бағындыру үшін әр  мүше- 

сін әлеуметтендіреді. Соның нәтижесінде біз көбіне қоғам талап еткен 

істерді істеп, қоғамның дегенімен жүреміз. Бірақ үнемі барлық ереже- 

ге толық мойынсұнатындар кемде-кем. Бұл бөлімде адамдардың әлеу- 

меттік нормаларды қалай және не себепті бұзатынын талдаймыз.

Бейресми қоғамдық бақылау-

достарымыз, қызметтестеріміз 

және айналадағы басқа адамдар- 

дың бізді орынсыз әрекет жасаудан 

бейресми түрде тыйып отыруы.

Ресми қоғамдық бақылау -

айыппүл салу, жұмыстан не 

топтан шығару, қамау сияқты 

әкімшілік жазалар қолдану 

әдісі ресми қоғамдық бақылауға 

жатады.


Конформизмді түсіну

Адамдардың неліктен  ережені бұзатынын түсіну үшін,  алдымен көп- 

шіліктің  неліктен  көбінесе  ережеге  бағынатынын  түсінуіміз  қажет. 

2-тарауда  айтылғандай,  ережеге  бағынуға  ынталандыратын  күштер 

мен процестер әлеуметтік бақылау деп аталады.  Әлеуметтік бақылау 

үш форма арқылы жүзеге асады:

• 

өз-өзімізді іштей бақылау арқылы;



• 

бейресми  бақылау  арқылы:  достарымыз  бен  жақындарымыз 

ережеге  бағынганымызды  құптап,  ереже  бұзғанымыз  үшін  жа- 

залайды;


• 

ресми  бақылау  арқылы:  мемлекет  немесе  басқа  органдар  ереже 

бұзушылықты тыйып отырады.

Адамдар  өз топтарының нормаларын қабылдап,  оларды өз сенім 

жүйесі  мен  бірегейлігінің  бір  бөлігіне  айналдырғанда  өз-өздерін  іш- 

тей бақылай бастайды. Біз дүкен тонаудан, сыныпта қатты кекіруден 

өз-өзімізді  тыйғанда  полиция  тұтқындайды,  я  сыныптан  шығарып 

жібереді деп  қорыққаннан  емес,  ішкі  құндылықтарымыз  бен  адами 

болмысымызға қайшы келетіндіктен ондайға бармаймыз.

Өз-өзімізді  бақылауға  бейресми  қоғамдық  бақылау  қосылады. 

Достарымыз,  қызметтестеріміз  және  айналадағы  басқа  адамдар  бізді 

орынсыз әрекет жасаудан бейресми түрде тыйып отырады.  Сондықтан 

ішкі  құндылықтарыңыз  шашыңызды  тықырлап  алып  тастауға  (егер 

әйел  адам  болсаңыз)  немесе  тырнағыңызды  қызғылт  лакпен  бояуға 

(егер ер адам болсаңыз) рұқсат бергенімен, достарыңыз безіп, ата-анаңыз 

сыртқа теппеуі үшін және көршілеріңіз күлмеуі үшін олай істемейсіз.

Ал егер сізді бұлардың ешқайсысы тоқтата алмаса, онда сіз ресми 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет