ретінде көрсетуге тырысады.
Қылмыстан шамадан тыс қорқу, шынында, көп шығын келтіреді.
Оның бір салдары - түрме жүйесіне өте көп қаржы жұмсалады (бүл
туралы келесі тарауларда жан-жақты баяндалады). Тағы бір салда
ры - қоғам өмірінің нашарлауы. Кейде егде адамдар қылмыстан қо-
рыққаны соншалық - үйлерінен шығудан қалып, әлеуметтік түрғы-
да оқшауланады, қимыл-қозғалысты азайтады, сөйтіп, физикалық
және психикалық денсаулығы нашарлайды. Ата-аналар да балала-
рының көшеде ойнауына, қоғамдық көлікке мінуіне, қоршаған ор-
таны өз бетінше танып-білуіне мүмкіндік беретін басқа да әрекеттер
жасауына тыйым салады (Skenazy, 2009).
|